E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Халықаралық ынтымақтастық департаменті

Халықаралық ынтымақтастық департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) халықаралық ынтымақтастық саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Департаменттің міндеттері:

1. Жетекшілік ететін бағыттар бойынша халықаралық ынтымақтастық саласындағы Департаменттің қызметін ұйымдастыру.

2. Аналитикалық және жиынтық жұмыс.

3. Діни қызметті реттеу, жастар және отбасы саясаты, азаматтық қоғам, Ақпарат және БАҚ саласындағы шетелдік әріптестермен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу.

Департаменттің функциялары:

  1. Министрліктің халықаралық ынтымақтастық бойынша талдамалық, жиынтық жұмыстарын орындау, жиынтық талдамалық есептерді, анықтамаларды дайындау, сондай-ақ Министрліктің халықаралық ынтымақтастығын жетілдіру бойынша басшылыққа ұсыныстарды департамент құзыреті шеңберінде  енгізу;
  2. Департамент құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарауға және әзірлеуге қатысу;
  3. Екіжақты ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялар, жұмыс топтары, комитеттер мен интеграциялық бірлестіктер (ТМД, ШЫҰ, Түркі кеңесі, БҰҰ, ҰҚШҰ, ИЫҰ, АӨСШК және басқалар) шеңберінде Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелердің қазақстандық ұстанымды қалыптастыруына және міндеттемелерді орындауына мониторингті жүзеге асыру;
  4. Халықаралық шарттардың, тұжырымдамалардың, келісімдердің, меморандумдардың жобаларын келісу;
  5. Министрліктің құзыреті шеңберінде халықаралық шарттарға қол қоюға дайындық барысына, сондай-ақ Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің олардың күшіне енуі бойынша мемлекетішілік рәсімдерді орындау барысына мониторингті жүзеге асыру;
  6. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің халықаралық шарттардың ережелерін орындау барысына мониторингті жүзеге асыру;
  7. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп халықаралық шарттар жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарына ұсыныстар дайындау және Сыртқы істер министрлігіне жіберу;
  8. Жетекшілік ететін салаларда Министрдің қатысуымен Халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша конференциялар, кеңестер және басқа да іс-шаралар жұмысына қатысу;
  9. Тиісті нысанға сәйкес департамент пен министрлік ішіндегі құрылымдық бөлімшелердің кездесулері бойынша әңгімелесу жазбаларының есептерін мониторингілеу, шетелдік делегациялармен кездесу үшін рұқсатнамалар мониторингі;
  10. Департамент құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдарымен өзара іс-қимыл;
  11. Департаменттің құзыреті шегінде кіріс және шығыс ақпарат бойынша материалдар мен қорытындыларды уақтылы дайындау;
  12. Шет мемлекеттерге сапардың, Министрлік басшылығының екіжақты кездесулерінің қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мониторингі;
  13. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министр немесе Жауапты хатшы Департаментке жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map