E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

Activity

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің

қызметі туралыақпарат

 

Байланыс саласындағы (телекоммуникация және пошта байланысы) мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (бұдан әрі – Департамент) қызметінің негізгі бағыты болып табылады.

Байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру мақсатында Департамент мынадай функцияларды атқарады:

1) байланыс саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен басымдықтары бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;

2) Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы қызметтi реттеудi жүзеге асырады;

3) өз құзыреті шеңберінде радиобайланыс саласындағы мемлекеттік саясатты, радиожиілік спектрді тиімді пайдалануды және реттеуді іске асырады;

4) Қазақстан Республикасының спутниктік желілерінің орбиталық-жиілікті ресурсын халықаралық-құқықтық қорғау бойынша жұмыстарды сүйемелдеуді жүзеге асырады және үйлестіреді;

5) байланыс саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

6) өз құзыреті шеңберінде байланыс саласындағы, пошта байланысы, сонымен қатар радиобайланыс, радиожиілікктік спектрді реттеу және тиімді пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді, бекітуді және келісуді қамтамасыз етеді;

7) Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігі ретінде өз құзыреті шегінде халықаралық байланыс ұйымдарында (Байланыс саласындағы аумақтық достастығы (БАД), Халықаралық электрбайланыс одағы (ХЭО) және Дүниежүзілік пошта одағы (ДПО) және т.б.) Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғайды және уәкіл етеді.

Жалпы алғанда Департаменттің қызметі Қазақстан Республикасының байланыс саласын дамытуға және жетілдіруге бағытталған.

 

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map