E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Халықаралық ынтымақтастық департаменті директоры

Айтымбетов Алтынбек Жақыпбекұлы

1981 жылы 2 қарашада Оңтүстік-Қазақстан облысында дүниеге келді.

2002 жылы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетін тәмамдады (заңгер).

2012 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдады (әлеуметтік білім магистрі).

2018 жылы Рэдинг Университетін тәмамдады Англия (құқық магистрі).

2003-2006 – Маңғыстау облысы Әділет басқармасының жетекші маманы, бас маманы.

2006-2012 – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы, сарапшысы, бас сарапшысы, басқарма басшысы, Комитет төрағасының орынбасары, директоры.

2012-2013 – ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры.

2013-2014 – «Jus Praxis Group» Компаниясы директордың орынбасары.

2014 – Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі, Стратегиялық даму департаментінің директоры.

2014-2017 – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қоғамдық бірлестіктермен және тұтынушылармен өзара іс-қимыл басқармасының басшысы.

2017-2018 – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті жинақтап талдау және мониторинг  басқармасының басшысы.

2019 жылғы 11 қаңтарында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті директоры лауазымына тағайындалды.

 

Халықаралық ынтымақтастық департаменті  директорының орынбасары

Мукатов Мейірбек Жаксыкелдіұлы 1986 жылдың  29 маусымында дүниеге келген.

2008 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетті «филология» мамандығын тәмамданды.

2012 жылы КИМЭП университетінде халықаралық қатынастар магистрін тәмамданды.

2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігінің Астана қаласы бойынша консулдық істер департаментінің жүйесінде қызмет атқарды.

2014–2015 жылдары ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі Стратегиялық жоспарлау, талдау және халықаралық ынтымақтастық департаменті Халықаралық ынтымақтастық басқармасының сарапшысының м.а., сарапшы.

2015–2017 жылдары - Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаменті халықаралық шарттарды сүйемелдеу басқармасының сарапшы, бас сарапшы.

2017–2018 жылдары - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті  халықаралық ынтымақтастық және хаттама басқармасының басшысы.

2018 жылдың 1 қазанында Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті  директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерін меңгерген.

 

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map