E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

2016 жылғы мамыр-шілдедегі Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне келген жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы шолу

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 253 Жарлығына сәйкес Республиканың Ақпарат және коммуникациялар министрлігі құрылды.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне 2016 жылғы мамыр-шілдесінде – 277 өтініш түсті, соның ішінде «электрондық үкімет» порталы арқылы - 81 өтініш, оның заңды тұлғалардан – 112, жеке тұлғалардан – 165.

Арыз түрінде түскен өтініштер – 235, шағым – 20, өзге категориясы бойынша – 22 (сұрау, пікір айту, ұсыныстар).

Қарастырылған өтініштердің ішінде: қанағаттандырылғандары – 27, түсіндірме берілгендері – 242, бағыныстылығына қарай жолданғандар – 4, төмен деңгейдегі органға жолданғандары – 4.

Сараптама қорытындысы көбіне келесі сипаттағы өтініштердің болғанын: ұялы оператордың сұрақтары көтерілді, мобильді байланыс қызметтерінің тарифтері бойынша, интернет ресурстарында заңнаманы сақтамау, пошта бөлімшелерінің жұмыстарына шағымдар, телеканалдардың көрсетілім скапасына.

Сонымен қатар, күнделікті Министр блогына келген сұрақтарға бақылау жүргізіледі.

Министрлік құрылғаннан бері Министрдің блогына 28 өтініш түсті, оның ішінде қарастырудан бас тартылғаны - 3, оның, әдепсіз сұрақ болғаны – 2, Министрліктің құзыретіне кірмейтіні  – 1. Орындауға алынғандары – 25 өтініш.

Министрліктің басшылығымен қағаз өтініштерімен бірге, кестеге сәйкес жеке және заңды тұлғаларды қабылдау (аталған кесте mic.gov.kz сайтына орналастырылған) жүргізіледі

Шілдеде 3 азамат қабылданды, барлық сұрақтар бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.

 

 

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map