E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

Regulation

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттестік

Департаменті туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттестік департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, сонымен қатар «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.

4. Департамент тікелей Министрліктің бірінші басшысына бағынады.

5. Департаменттің ұйымдастыру және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

6. Департаменттің мақсаты мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттың уақтылы және сапалы таратылуы болып табылады.

7. Департамент міндеттері:

1) Министрліктің оңтайлы имиджін сақтау;

2) Министрліктің бірыңғай ақпараттық саясатын қалыптастыру.

8. Департамент келесі функцияларды жүзеге асырады:

1) Пайдаланушыларды Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша, сондай-ақ оның қызметі туралы расталған және қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;

2) бұқаралық ақпарат құралдарындағы сұхбаттарды, пікірлерді, жарияланымдарды дайындауға көмек көрсету;

3) журналистердің және бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да өкілдерінің уақытша немесе тұрақты аккредиттеуін жүргізу, сондай-ақ Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер мен оның қызметі туралы ақпаратты барынша толық күйінде таратуға жәрдемдесу;

4) баспасөз конференцияларын, брифингтерді, сұхбаттарды және лауазымды тұлғалардың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыру;

5) интернет-ресурс қызметін техникалық қолдау бойынша ұсыныстар енгізу және өңдеу, оны кешенді қайта құру, жобалауды, жаңа технологияларды жетілдіру және енгізу;

6) ақпаратты пайдаланушылардың келіп түскен өтініштеріне дер кезінде жауаптар дайындау;

7) Министрліктің интернет-ресурсында қажетті ақпаратты орналастыру;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектелген немесе сот актілерінің заңды күшіне енген ақпаратты қоспағанда, Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттың барынша ашылуына ықпал ететін басқа да функциялар.

9) Департаменттің құзыреті шегінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің іс-шараларының құжаттарын, көрсеткіштерін, сапасын және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты атқаруға;

10) Департамент құзыреті шегінде шетелдік серіктестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамытуға.

9. Департамент құқылы:

1) Министрліктің, оның құрылымдық бөлімшелерінен пайдаланушылардан келіп түскен сауалдарға жауап беру үшін және мемлекеттік органның және (немесе) оның бірінші басшысының интернет-ресурсында орналастыру үшін қажетті ақпаратты сұратуға;

2) интернет-ресурс қызметін техникалық жағынан қамтамасыз ету, оны кешенді қайта құру, жобалауды жетілдіру, жаңа технологияларды енгізу мәселелерін шешу мақсатында ақпараттандыру саласындағы сарапшыларды тартуға;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оқу курстарын өтуге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де құқықтарды қолдануға.

10. Департамент міндетті:

1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара әрекеттесуге;

2) ақпараттарды пайдаланушылардың келіп түскен өтініштеріне уақтылы жауап беруге;

3) мемлекеттiк органның және (немесе) оның бiрiншi басшысының интернет-ресурсында ақпараттарды дер кезiнде жаңартып отыруға;

4) бұқаралық ақпарат құралдарында халықтың теріс реакциясын тудыруы мүмкін ақпарат кездескен жағдайда, Министрліктің бірінші басшысына дереу хабарлауға;

5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттерді сақтауға;

3. Департамент қызметін ұйымдастыру

11. Департамент Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

12. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Директор басқарады.

13. Департамент директоры Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады.

14. Департамент директоры Жауапты хатшыға Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

15. Департамент директоры өз құзыреті шегінде Министрге бағынады.

16. Департамент директоры және қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға міндетті және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауға дербес жауапты болады.

17. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда жетекшілік ететін сұрақтары бойынша міндетін атқаратын тұлға қол қояды.

18. Департамент жұмыскерлерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген тәртіппен бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарда айқындалады.

 

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map