E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

Ашық үкіметті қалыптастыру

Ашық үкіметті қалыптастыру «электрондық үкімет» веб-порталы мен шлюзы негізінде жүзеге асырылуда. Ашық үкімет келесі компоненттерден тұрады: ашық деректер, ашық НҚА, ашық бюджеттер, ашық диалог және МО тиімділігін бағалау.

Бүгінгі күнде порталда 1550 ашық деректер жиынтығы бар. Сонымен қатар, ашық деректер негізінде 12 мобильдік қосымшалар жасалған. Ашық деректер порталы Адрестік регистр мен Бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйелерімен интеграцияланған.

Ашық НҚА порталында мемлекеттік қызметтер стандарттарын қоса  нормативтік құқықтық актілер жобалары ашық қоғамдық талқылаудан өтеді. Іске қосылған кезден бастап 2300-дің шамасында НҚА жобасы мен заң жобаларының тұжырымдамаларының жобасыталқыланды. Қазіргі күні порталда 544 НҚА жобасы мен заң жобаларының тұжырымдамаларының жобасы жария талқылануда.

Мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірінші басшыларының блогтары жүргізіледі, онда әрбір ниет білдіруші өзінің пікірін білдіре алады және өзін қызықтыратын сұрақтарын қоя алады. 2012 жылдан бері блог-тұғырнамаға 193 578 сұрақ келіп түсті, оның 141 772-не жауап қайтарылған.

Ашық бюджеттер порталында бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептер мен жобаларды орналастыру және жария талқылау жүргізіледі. Қазіргі күні порталда 796 бюджеттік бағдарламалар жобалары жарияланған, 906 бюджеттік бағдарламалар Қоғамдық Кеңеске берілген және 800-ден астам есеп жарияланған, оның ішіне мемлекеттік, республикалық, шоғырландырылған және жергілікті бюджеттердің орындалуы туралы есептер кіреді. Сонымен қатар, өткен қаржылық жыл бойынша мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдар бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептері жарияланған.

Сондай-ақ, «электрондық үкімет» порталында Үкімет мүшелерінің және билік органдары өкілдерінің қатысуымен тұрақты түрде интернет-конференциялар өткізіледі. Осындай конференциялар кезінде азаматтар интерактивті режимде өздерінің сұрақтарына жауап алады. 2008 жылмен 2016 жылдың 1 қаңтары аралығында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен билік органдары өкілдерінің қатысуымен 165 интернет-конференциялар өткізілді.

2015 жылы блог-платформа мен интернет-конференциялар Ашық диалог компонентінің құрамына қосылды, сондай-ақ  сұраулар жүргізу құралдары іске қосылады. Ағымдағы жылдың басынан бастап Сауалнамаларда 120 000-ның шамасында пайдаланушы қатысты.

 

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map