E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

Мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабарлама

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты мерзімді баспа басылымдары мен теле-, радиоарналарда орналастыруды өткізетіні туралы хабарлайды.

Конвертке салынып, мөрмен бекітілген (бар болған жағдайда), конвертте «Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша конкурсқа» деген белгісімен және конвертте қоса берілетін құжаттардың тізбесімен құжаттамалардың қабылдануы 2017 жылғы «10» шілдеге дейін Астана қ., Мәңгілік Ел к., 8, Министрліктер үйі, 14-кіреберіс мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Өтінімдері бар конверттердің ашылуы Астана қ., Д. Қонаев к., 4, Қазмедиа орталығы мекенжайы бойынша мерзімді баспа басылымдары үшін 2017 жылғы «27» шілдеде және теле-, радиоарналар үшін 2017 жылғы «28» шілдеде өтеді. 

Тапсырысқа қатысу үшін өтінімді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 75 бұйрығымен бекітілген Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тапсырыстың шарттарына сәйкес уақтылы беру қажет.

Сонымен бірге, Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген мерзімді баспа басылымдарының және теле-, радиоарналардың арасында балдық бағалауға сәйкес сипаттамаларды қамтитын құжаттарды ұсыну қажет. 

 

 

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map