E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

2017 жылы Министрліктегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жай-күйі туралы

Министрлікте есептік кезеңде 2016 жылғы 1 сәуір – 30 маусым аралығында қарауға 308 өтініш келіп түскен. 308 өтініштің 211-і жеке тұлғалардан, 97-і заңды тұлғалардан түскен. Барлық өтініштің 17,8%-ы ҚР Парламенті, Президент Әкімшілігі және Премьер-Министрдің Кеңсесі арқылы келіп түскен.

77,9%-ын – өтініштер,  13,9%-ын шағымдар, 8,1%-ын – сұрау салулар Барлық өтініш мерзімінде орындалған.

Өтініштер сұрақтарының сипаты бойынша төрт негізгі топқа бөлінеді:

- мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша (жер учаскелерін тіркеу, ХҚКО жұмысын ұйымдастыруды жақсарту, анықтаманы e-gov порталынан үшінші адамға беру);

- ұялы байланыс қызметтерінің сапасы және тарифтері, интернет ресурстарға қолжетімділікті шектеу;

- ақпарат және коммуникациялар саласындағы заңнаманы түсіндіру;

- мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асыру мәселелері бойынша (сериялды кино өнімдерін, тележобаларды және т.б. қолдау).

 

Министрлік басшылығының азаматтарды қабылдау жай-күйі туралы

 

«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңның 13-бабына сәйкес Министрлік басшылғымен тоқсан сайын азаматтарды қабылдау кестесі бекітіледі және қабылдау жүргізіледі.

2017 жылғы 1 сәуір – 30 маусым аралығында Министрлік басшылығы 6 азаматты (Министр – 3 адам, Жауапты хатшы – 2 адам, вице-министр (А.Г.Ажибаев) – 1 адам) қабылдады. 

 

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map