You are here

«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы және «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»

Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 125-ө өкіміне толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 125-ө өкіміне мынадай толықтыру енгізілсін:

аталған өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тiзбесi:

реттік нөмірі 16-1 мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«

16-1

«Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз етуі қағидаларын, сондай-ақ байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰҚК

(келісім бойынша)

2017 жылғы тамыз

 

К.Қ. Мәсімов

 

».

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министр                                                        Б. Сағынтаев

 

 

Mobile version RSS Site map