E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

Хабарландыру (16.10.2017)

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат Комитеті (Ақпарат Комитеті  мекенжайы Ақпарат Комитеті Астана қ. Мәңгілік Ел 8, Министрліктер Үйі, 14 кіреберіс) Қазақстан Республикасының 2018 жылға заңнамалық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға мерзімді баспа басылымдар арасында конкурс өткізетіні туралы хабарлайды.

Конкурстық құжаттарды қабылдау,  конверттерді ашу мына мекенжай бойынша өтеді: Астана қаласы, Мәңгілік Ел  көшесі 8, «Министрліктер Үйі» ғимараты, 14 кіреберіс.

Конвертке салынып, мөрмен бекітілген конкурс құжаттарын қабылдануы 2017 жылғы «30» қазан сағат 17.00-ге дейін жүргізіледі.

Конкурс  қатысушыларына  қойылатын талаптар:

  • конкурсқа  тұрақты атауы, ағымдағы нөмері бар мерзімді басылымдар (газет, журнал, альманах, бюллетень және олардың қосымшалары) қатыса алады;
  • мерзімді басылымның тиражы  30 000  кем емес;
  • басылымның шығу мерзімдігі аптасына 3 реттен кем емес;

конкурсқа қатысу үшін конкурс өтініштері мен ережелерге сай толтырылған  құжаттарды уақытында  тапсырылуы тиіс:

  1. конкурсқа қатысу үшін өтініш, тиісті құжаттармен бірге;
  2. құрылтай құжаттарының көшірілімі, бұқаралық ақпарат құралының тіркелгені туралы  куәліктің көшірмесі;
  3. басылымның таралымы мен баспа жиілігін растайтын типография анықтамасы;
  4. тағы да басқа қатысушының пікірінше қажетті құжаттар.

Конкурстық өтініштер  мемлекеттік және/немесе орыс тілінде толтырылады.

Өтініш нысаны мен конкурс талаптары және тағы да басқа қосымша ақпаратты  Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат Комитетінде Астана қаласы, Мәңгілік Ел  көшесі 8, Министрліктер Үйі, 14 кіреберіс мекенжайы арқылы немесе +7 (7172) 74-05-35, 740473 байланыс телефондары арқылы біле аласыз.

 

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map