You are here

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1.«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы           № 452 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 тіркелген, 2013 жылғы 26 қазанда «Егемен Қазақстан» № 240 (28179) және «Казахстанская правда» № 302 (27576) газеттерде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізудің мақсаты халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы көрсетілетін қызметті берушілерге, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына,  Бірыңғай байланыс-орталығына қызмет берушілерге жолдануы кезінде қызмет алушыларды тиісті ақпараттандыру болып табылады.».

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі – мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингілеуге арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ХҚКО ЫАЖ);

2) ХҚКО ЫАЖ МО АЖО ішкі жүйесі – ХҚКО ЫАЖ-да мемлекеттік органның автоматтандырылған жұмыс орны.

Осы Қағидада қолданылған басқа ұғымдар мен қысқартулар 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағынада қолданылады.».

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Қызмет берушіде мемлекеттік қызметті көрсету кезеңі жөнінде ХҚКО ЫАЖ-ға деректер енгізу үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметтер есебі жүргізілетін ақпараттық жүйесі бар болған жағдайда, қызмет беруші Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 104 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13244 тіркелген) «Электрондық үкімет» шлюзінің, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің ақпараттық жүйелермен интеграциясының қағидаларына сәйкес өзінің ақпараттық жүйесін ХҚКО ЫАЖ-мен ықпалдастыру жүргізеді».

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылау және бағалау бойынша уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер стандартымен бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсетуді орындау мерзімдерін орталық мемлекеттік органдармен, олардың ведомстволарымен, аймақтық бөлімдерімен және ведомстволық ұжымдарымен, жергілікті атқарушы органдармен, қызмет берушілермен бұзушылықтар саны туралы ХҚКО ЫАЖ арқылы талдамалық есепті алады. Талдамалық есепте мемлекеттік қызметті көрсетудің бекітілген мерзімін бұзушылық саны, мемлекеттік органдар және мемлекеттік қызметтер бөлігіндегі бұзушылық мерзімі көрсетіледі.».

2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығының» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Дата мероприятия: 
Thursday, 9 November, 2017

 

Mobile version RSS Site map