You are here

Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақпараттық саясатын іске асыру жөніндегі комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақпараттық саясатын іске асыру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу мақсатында:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақпараттық саясатын іске асыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) осы өкімнің қосымшасындағы құрамға сәйкес құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.

3. Күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасының ұлттық және өңірлік брендтерін қалыптастыру мен ел ішінде және шетелде ілгерілету және мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 100-ө өкімі»;

2) «Қазақстан Республикасының ұлттық және өңірлік брендтерін қалыптастыру мен ел ішінде және шетелде ілгерілету және мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі комиссия құру» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 100-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 17 тамыздағы № 100-ө өкімі».

 

Published on: 21.11.2017
Updated on: 30.03.2018

 

Mobile version RSS Site map