E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

Басшылық

Экономика және қаржы департаментінің директоры Есмаканова Анар Зекенқызы

тел: 74-00-66 a.esmakanova@qogam.gov.kz


Есмаканова Анар Зекенқызы

1993 жылы Ақмола ауыл шаруашылығы институтының экономика факультетін үздік бітірген.

1993-1997 ж.ж. - Ақмола облыстық мемлекеттік пошта байланысы қызметінің 1-ші санатты экономисі, бухгалтері.

1997-2001 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы, бас маманы, бухгалтерлік есеп және есепке алу бөлімінің бастығы.

2001-2008 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Экономика және қаржы департаменті жоспарлау, бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің басшысы, бюджетті жоспарлау және атқару басқармасының, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы. 

2008-2014 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары, Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары, Экономика және қаржы департаментінің директоры.

2014-2016 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті төрағасының орынбасары.

2016 жылдың 9 желтоқсанынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам, қоғамдық даму, ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Экономика және қаржы департаментінің директоры.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, «Үздік мемлекеттік қызметші» медалімен, мерейтойлық және ведомстволық медальдармен марапатталған.


Қаржы департаментінің директорының орынбасары

Бейсенов Қанат Ахметұлы 1984 жылы 17 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында дүниеге келді.

2004 жылы – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті (Экономика және менеджмент), 2015 жылы – ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академисы (Саясаттану) тәмамдады. 

2004 – 2006 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалының Экономикалық талдау және статистика бөлімінің бас маманы.

2007 – 2016 жылдар аралығында Нұр-сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасында әртүрлі лауазымдардағы қызметті атқарған, оның ішінде басшылық.

2017 – наурыз 2019 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Қаржы департаменті директорының орынбасары.

2019 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

 

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map