E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

Пошта байланысы

«Қазпошта» АҚ 3500 бөлімше бар, соның ішінде:

- 2 237 пошта байланысы бөлімшелері (505 қалалық және 1 732 ауылдық);

- 687 пошта байланысының пункттері (153 қалалық және 534 ауылдық);

- 115 жылжымалы пошта байланысының бөлімшелері;

- 187 орталық операциялық учаскелері;

- 274 төлемдерді қабылдау пункттері.

Сондай-ақ, 13 облыстық филиалдар, 2 пошта (Астана және Алматы қалаларында), 7 арнайы мамандандырылған бөлімшелері мен филиалдары бар. Осылайша, Қазақстандағы барлық елді-мекендер «Қазпошта» АҚ өндірістік желісімен қамтылған.

200 пошта бөлімшесін жаңғырту бойынша бағдарлама жүргізілді.  Пошта байланыс бөлімшесі өрт қауіпсіздігі және бейнебақылау жүйесімен кезекті электронды жүйесімен жабдықталған. Залдағы жағдайларды бақылауға қызмет көрсету «Қазпошта» АҚ Ахуалдық орталығының бейне-мониторинг жұмыс бөлімшелері онлайн режимде жүргізеді.

Бөлімшелерді жаңғырту клиенттерді қолайлы жағдаймен  қамтамасыз етуге,  клиенттердің және  «Қазпошта» АҚ мүлкінің сақталуын және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және халықтың имиджін қабылдауын өзгертуге мүмкіндік берді.

120 терминалдан тұратын төлем терминалдарының желісі құрылды.

 Мемлекеттің ірі әуежайларында сот берешекті функционалды өтеумен бес терминал орналастырылған.

Электрондық коммерцияны дамыту мақсатында Алматы қаласының орталығында фулфилмент ашылған болатын.

Сондай-ақ, елде сәлемдемелерді алу және жіберу үшін  110 супермаркет ашылған. Пошта жөнелтілімдерін сақтау, беру және қабылдау үшін постамат желісін дамыту бойынша бағдарлама жүргізілуде.

2017 жылы "Қазпошта" АҚ меншікті процессингтік орталыққа өту бойынша жұмыстары  аяқталды. Осылайша, барлық клиенттер "Қазпошта" АҚ (500 мыңнан көп карта) төлем карталарын ұстаушылар жеке карточкалық жүйесімен қызмет  көрсетіледі.

«Қазпошта» АҚ бар меншікті логистикалық инфрақұрылымы мыналарды қамтиды:

  • Екі сұрыптау орталығы: Астана және Алматы қалаларында;
  • Халықаралық пошта алмасу орындары (Алматы, Астана, Петропавл, Орал қ.).

 

 

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map