E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Республикалық меншік осы қаулының қосымшасына сәйкес «Казконтент» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды жүзеге асырсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

 

Published on: 03.04.2018
Updated on: 03.04.2018

 

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map