You are here

Ақпараттық хабарлама

«Қазақстан Республикасының сандық хабар таратуды енгізу және дамыту» жобасы аясында ағымдағы жылы Солтүстік Қазақстан облысының радио және теледидар станцияларынан цифрлық эфирлік хабар таратуды (ЦЭТТ) енгізу жоспарланып отыр.

ЦЭТТ енгізу нәтижесінде Петропавл тұрғындары 30-ға дейін телеарналарға қол жеткізе алады, ал облыстық орталықтан алшақта орналасқан елді мекендер 15 телеарнаға дейін қол жеткізеді.

Цифрлық технологиялық жабдықты орнатуға байланысты жүргізілетін монтаж жұмыстарына орай 24 сәуірден 16 – мамырға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін аналогтық телевизиялық және радиотарату белгілері уақытша өшіп отырады.

Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

 

Mobile version RSS Site map