E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

«Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы туралы

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету бойынша мәселе қарастырылған. Аталмыш мәселені жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету» жобасы (бұдан әрі – Жоба) жүзеге асырылуда. Осы Жобаның мақсаты байланыс қызметтерін сатып алу арқылы Қазақстан Республикасы аумағында талшықтық-оптикалық байланыс желiсін соғуды ыңталандыру болып табылады. Жобаның жоспарына сәйкес 2021 жылға қарай жоғары жылдамдықтағы интернетпен 1249 ауылдық елді мекендерді (қамту аймағында 2,4 млн. халық тұруда) қамту жоспарланған.

Жобаның мәртебесі:

Министрлікпен конкурстық құжаттамаға Ұлттық экономика министрлігінен және «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-нан оң қорытынды алды.

Осылай, Конкурстық құжаттама және Жоба бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптесті аңықтау бойынша Конкурстық комиссияның құрамы 2018 жылдың 30 наурызында Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығымен бекітілді.

Сонымен қатар, Жоба бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптесті аңықтау бойынша конкурсты өткізу туралы ақпарат Министрліктің ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» баспасөз басылымдарныда жарияланды.

Осылайша, қазіргі уақытта Министрлік әлеуетті жекеше әріптестердің ұсынған олардың белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардықарастыруда.

Published on: 26.04.2018
Updated on: 26.04.2018

 

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map