E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы № 980 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы № 980 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдар өкілдерінің құрамына:

 «Жұмағарин

Серік Мақашұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі»

енгізілсін;

көрсетілген құрамнан Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                       Б. Сағынтаев

 

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map