E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

Хабарлама

Осымен, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі –Министрлік) «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету» жобасының (бұда әрі – МЖӘ жобасы) конкурстық құжаттамасына сәйкес МЖӘ жобасы бойынша әлеуетті жекеше әріптестер ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық өтінімдерінің конверттерін ашу рәсімдері 2018 жылдың 4 мамырда сағат 15.00-де «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14 кіреберісі 745 кабинетінде өткізу жоспарланған болатын.

Осылай, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) (ҰЭМ 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген) 104-тармағына сәйкес Комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімде Комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісінен кем емесі қатысып отырса, конкурсты ұйымдастырушының (мемлекеттік әріптестің) уәкілетті өкілінің, сондай-ақ әлеуетті жекеше әріптестердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашады.

Сонымен қатар, конкурстық комиссия мүшелерінің қызметтік іс-сапарларына, сондай-ақ енбек демалыстарына орай кворум жетпеді

Бұл ретте, Қағиданың 104-тармағына сәйкес Конкурсты ұйымдастырушыға, кворум болмаған жағдайда немесе Комиссия төрағасының немесе оны алмастыратын тұлғаның шешімімен конкурстық өтінімдерді ашу орны, өткізілетін уақыты мен күні туралы конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізуге рұқсат етіледі.

Осымен, конкурстық өтінімдерінің конверттерін ашу рәсімдері 2018 жылдың 17 мамырда сағат 15.00-де «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14 кіреберісі 745 кабинетінде өткізілетінің назарларыңызға жеткіземіз.

 

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map