E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

«Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңы 20-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.«Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10999 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Телефон байланысы қызметтерін көрсету қағидаларында:

11-тармақтың 5)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысымен бекітілген Байланыс қызметтерiн пайдаланушылар үшiн қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, апат қызметтер тізіміне (бұдан әрі – Тізім) сәйкес шұғыл жедел қызметтерін шақырту үшін телефон байланысын тегін пайдаланады;»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Қазақстан Республикасының барлық аумағында бірыңғай нөмірлерді теру арқылы шұғыл медициналық (103), құқық қорғау (102), өртке қарсы (101), апатты (104) және құтқару (112) қызметтерді шақыру пайдаланушылар үшін Тізімге сәйкес тегін болып табылады. Көрсетілген нөмірлермен байланысты ажыратып тастауға және (немесе) шектеуге жол берілмейді.».

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында:

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Ұялы байланыс операторы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысымен бекітілген Байланыс қызметтерiн пайдаланушылар үшiн қосылуы тегiн болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария қызметтерінiң тiзбесiне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес абоненттерге тегін қосылуды ұсынуды қамтамасыз етеді. Шұғыл шақыруларға қосылу, сондай-ақ 1414 нөміріне қысқа мәтіндік хабарламалар ұялы байланыс операторларымен тарифтелмейді.».

2.Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат департаменті:

1)осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

3)осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4)осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникациялар министрі                                                      Д. Абаев

 

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map