E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналардың:

1) «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 161 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9924 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылы 27 желтоқсанда № 253 (27874)  жарияланған);

2) «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 161 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 1090 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12462 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және

коммуникациялар министрі                                      Д. Абаев

 

 

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map