You are here

«Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 762 қаулысына өзгерістер мен толықтылар енгізу туралы

«Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 762 қаулысына өзгерістер мен толықтылар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 762 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 63, 404-құжат) қаулысына мынадай өзгерістер және толығы енгізілсін:

Көрсетілген қаулысымен бекітілген, мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актілерді ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткізу қағидаларында:

«1.Жалпы ережелер» бөлімінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1 бөлім. Жалпы ережелер»;

3 - тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

5) заңнамалық акт – Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң, конституциялық заң, кодекс, шоғырландырылған заң, заң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжiлiсiнің қаулылары;

4 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Конкурс мынадай заңнамалық актiлердi ресми жариялау құқығын беру мақсатында өткізіледі:

1) Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдарды;

2) Қазақстан Республикасы конституциялық заңдарын;

3) Қазақстан Республикасы кодекстерін;

4) Қазақстан Республикасының шоғырландырылған заңдарын, Қазақстан Республикасының заңдарын;

5) Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Сенат және Мәжіліс Парламентінің қаулыларын»;

«2. Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу тәртiбi » бөлімінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2 бөлім. Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу тәртiбi»;

9-тармақ  мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Үлгі мен осы Ереженің қосымшасына сәйкес құжаттар тізімі бойынша конкурстық өтінімді уақытылы берген мерзімді баспа басылымдары конкурсқа қатысуға жіберіледі»;

«3. Конкурстық комиссияның жұмыс тәртiбi» бөлімінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3 бөлім. Конкурстық комиссияның жұмыс тәртiбi»;

22 – тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) конкурстың талаптарына сәйкес келмейтін конкурстық өтінім мен басқа да құжаттарды қабылдамайды»;

«4.Конкурстың қорытындысын жарамсыз деп тану» бөлімінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«4 бөлім. Конкурстың қорытындысын жарамсыз деп тану»;

Ережені осы Қаулының қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтыру.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрі                                                     Б. Сағынтаев

 

                                                                           Қазақстан Республикасы

                                                                           Үкіметінің       

                                                                           2018 жылғы «    »

                                                                           №  қаулысына   

                                                                           қосымша

                                                                  Мерзімді баспа басылымдарының

заңнамалық актілерді ресми 

жариялау құқығын алуға конкурс

                   өткізу қағидаларына қосымша

Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актілерді ресми жариялау құқығын алуға конкурсінде қатысуға арналған өтінім.

1. Заңды тұлғаның толық атауы ________________________

2. Заңды мекен-жайы:

_____________________________________________________________

3. Телефон, факс нөмірлері:

______________________________________________________________

4. БАҚ атауы:

______________________________________________________________

5. Қосымша құрылтайшы құжаттар:

1) құрылтай құжаттарының көшірмелері;

2) бұқаралық ақпарат құралдарын тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

3) тираж және мерзілімділікті растайтын баспахана анықтамасы.

__________________               ______________

   Тегі, аты-жөні                                       қолы

Мөр орны (болған жағдайда)

 «___» ___________ 20__ жыл

 

Mobile version RSS Site map