You are here

Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 1. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен заңнамада белгіленген тәртіппен:

  1. осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық мүлік «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге;
  2. осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық мүлік «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге;
  3. осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес республикалық мүлік «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                          Б. Сағынтаев

 

Published on: 13.09.2018
Updated on: 13.09.2018

 

Mobile version RSS Site map