E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

Мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабарлама (20.09.2018)

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мерзімді баспа басылымдар (газеттер) мен интернет-ресурстар үшін республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыруды өткізетіні туралы хабарлайды.

Конвертке салынып, мөрмен бекітілген (бар болған жағдайда), конвертте «Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша конкурсқа» деген белгісімен және конвертте қоса берілетін құжаттардың тізбесімен құжаттамалардың қабылдануы 2018 жылғы «4» қазан 17:00-ге дейін Астана қ., Мәңгілік Ел к., 8, Министрліктер үйі, 14-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі кеңсесі мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Өтінімдері бар конверттердің ашылуы Астана қ., Д. Қонаев к., 4, Қазмедиа орталығы мекенжайы бойынша мерзімді баспа басылымдар (газеттер мен журналдар) мен интернет-ресурстар үшін 2018 жылғы «8» қазанда өтеді.

Тапсырысқа қатысу үшін өтінімді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 75 бұйрығымен бекітілген Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидасының (бұдан әрі – Қағида) 1-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша Тапсырыстың шарттарына сәйкес уақтылы беру қажет.

Сонымен бірге, өтінімде Қағиданың 1-1 қосымшасына сәйкес қатысу құжаттарының тізімін қоса ұсыну қажет.

Өтінімдердің барлық құжаттары  байланып, нөмірленіп және өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолтаңбасымен және мөрмен (бар болған жағдайда) бекітілуі қажет.

Published on: 20.09.2018
Updated on: 20.09.2018

 

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map