E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

«Операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 45 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 45 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14134 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 7 қыркүйекте жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидаларында:

14-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:

«14. Уәкілетті орган жылына 1 реттен кем емес тағайындалған оператормен оның тағайындалған оператор ретінде қызмет орындау кезінде ДПО актілерімен және Қазақстан Республикасы аумағында пошта саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген нормаларын орындалуына мониторинг жасайды, сондай-ақ келесі жағдайларда:

1) пошта байланысы қызметтерінің саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында маңызды өзгерістерде;

2) тағайындалған оператор ретінде қызмет орындау кезінде ДПО актілерінен туындайтын және Қазақстан Республикасы аумағында пошта саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларымен белгіленген міндеттемелерін орындамауы туралы мүмкiн куәландыратын мәлiметтердi анықтаған жағдайларда жүргізеді.».

15-тармағын алып тастау;

16 және 17 тармақтарын келесі редакцияда баяндалсын:

«16. Уәкілетті орган тағайындалған оператордың өз қызметі процесінде Қазақстан Республикасы аумағында пошта саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен және ДПО актілерімен белгіленген нормаларды сақтамағаны туралы фактіні анықтаған жағдайда, уәкілетті орган тағайындалған операторға анықталған бұзушылық туралы хат жолдайды.

17. Тағайындалған оператор хатты алған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей анықталған бұзушылықтарды жояды және уәкілетті органды жазбаша хабардар етеді.».

2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті:

1. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2. осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

3. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4. осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Ақпарат

және коммуникациялар министрі                                  Д. Абаев

 

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map