You are here

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 22 бұйрығына өзгерістер мен толықтыруды енгізу туралы

«Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына заң жобалары тұжырымдамаларының жобалары мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және оларды көпшілік талқылауы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 22 бұйрығына өзгерістер мен толықтыруды енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабы 8-тармағының екінші бөлігіне  сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына заң жобалары тұжырымдамаларының жобалары мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және оларды көпшілік талқылауы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 22 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13974 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 тамызда «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыруды енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына заң жобалары тұжырымдамаларының жобалары мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және оларды көпшілік талқылауы қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Порталда қолжетімділігі шектеулі ақпараттан тұрмайтын заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің жобалары, оларға түсіндірме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен бірге (өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) (бұдан әрі – жобалар) орналастырылады.

Тиісті аумақта карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақты белгiлеу (күшiн жою), Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешім қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін жобалары орналастыруға жатпайды.»;

5, 6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Порталдағы жобаларды орналастыру күнін жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдар жеке анықтайды.

Заңдар жобалары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шұғыл немесе басым болып анықталған жағдайда, сондай-ақ, орындалуы күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімдегі Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмалары шеңберінде әзірленетін жобалар бойынша оларды көпшілік талқылау мерзімі бес жұмыс күніне дейін қысқартылады.

Жергілікті бюджетті бекіту мен нақтылау және әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын, сондай-ақ күші жойылған болып танылған не қолданысы белгілі бір мерзімге тоқтатыла тұрған нормативтік құқықтық актінің көпшілік талқылау мерзімі үш жұмыс күнді құрайды.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 3-тармағына сәйкес Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылау оның жария талқылау үшін орналастырылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылады.

6. Жобалар Порталда қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады. Жобалар АЖО арқылы мемлекеттік органдар дербес айқындайтын жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен орналастырылады. Жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдар қызметкерлеріне АЖО-ға қолжетімділік жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдар өтінімі негізінде оператормен ұсынылады.

Нормативткік құқықтық актінің жобасы архивке көшірілгенге дейін  Порталда жобаның тек бір нұсқасын орналастыруға жол беріледі.

Оператор жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдардың уәкілетті қызметкерлерін АЖО-мен жұмыс істеу тәртібіне оқытуды жүргізеді.

7. Порталда жобаларды көпшілік талқылау келісі шарттарды сақтау бойынша жүзеге асырылады:

1) көпшілік талқылау үшін орналастырылған жобаларға «электрондық үкіметтің» веб-порталында тіркелген ақпарат пайдаланушыларынан ескертулер және (немесе) ұсыныстар тек жобалардың нақты құрылымдық элементтеріне қатысты және қысқаша негіздемемен электрондық цифрлық қолтаңбаны куәландырусыз қабылданады;

2) жобаның таңдалған бабына немесе басқа құрылымдық элементіне ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды жіберу кезінде балағат сөздерді, тіл тигізулерді, жарнамаларды, сондай-ақ заң жобасы тұжырымдамасының жобасына немесе нормативтік құқықтық акт жобасына қатысы жоқ басқа да ақпаратты қолдану рұқсат етілмейді.

Порталда жобалардың көпшілік талқылау мерзімі осы Қағидалардың       5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды Порталда орналастырған күннен кейінгі жұмыс күнінен бастап он жұмыс күнінен кем болуы мүмкін емес.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдар ақпарат пайдаланушылардың ескертулерін және (немесе) ұсыныстарын көпшілік талқылауын жүргізу мерзімі ішінде қарайды және негіздемелерін көрсете отырып, оларды қабылдау немесе бас тарту туралы  шешім қабылдайды. Бұл ретте, қажет болған жағдайда бастапқы мерзім орналастырылған жобаларды көпшілік талқылауы аяқталғаннан кейін үш жұмыс күніне дейін  ұзартылуы мүмкін.

Әзірлеуші мемлекеттік орган белгілеген  жобаларды көпшілік талқылау мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен ақпарат пайдаланушылардың ескертулері мен ұсыныстары қаралмайды.»;

мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:

«11. Егер ақпарат пайдаланушылар қоғамдық талқылау кезінде жобаларға ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды қалдырмаса, қосымша on-line талқылауды өткізілмей мемлекеттік орган-әзірлеуші осы Ережелерге қосымшаға сәйкес есептің соңғы нұсқасын (бұдан әрі – соңғы есеп) қалыптастырады және Порталда жариялады.

Көпшілік талқылау барысында жобаларға ескертулер және (немесе) ұсыныстар түскен кезінде осы Қағидалардың 10-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен соң көрсетілген мемлекеттік органдардың уәкілетті қызметкерлері АЖО арқылы жобаларды көпшілік талқылаудың аяқталуы туралы есептің (бұдан әрі – есеп) алдын ала жасалған нұсқасын осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша  қалыптастырады және Порталда жариялайды.

Жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдар Порталда есепті жариялаған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде олар анықтаған уақыт аралығында on-line режимінде жарияланған есепті (бұдан әрі – қосымша талқылау) ескере отырып, жобаларды қосымша талқылауды жүргізеді.

Қосымша талқылау кезінде келіп түскен ақпарат пайдаланушылардың ескертулері және (немесе) ұсыныстары осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес Оператормен тексерілмей жарияланады және жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдар қосымша талқылау жүргізілген күні қарайды.

Қосымша талқылау аяқталғаннан кейін жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдардың уәкілетті қызметкерлері есептің соңғы нұсқасын қалыптастырады және Порталда жариялайды.

Жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдардың уәкілетті қызметкерлері бір ай ішінде Порталда қосымша талқылау жүргізбеген жағдайда, Оператор оларды хабардар етпей жобаны  Порталдан алып тастайды.»;

Қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгілінген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникациялар

министрі

 

 

Д. Абаев

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Әділет министрілгі

Published on: 05.10.2018
Updated on: 05.10.2018

 

Mobile version RSS Site map