E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

«Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2014 жылғы 30 қазандағы № 110 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2014 жылғы 30 қазандағы № 110 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссиясының құрамына енгізу:

«Рахымов Бекзат Рахымұлын

 

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасарын, комиссия хатшысын;»;

Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның құрамынан шығару: Нәшірәлі Елдос Бигелдіұлын.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-миниcтріне жүктелсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Министр                                                                                              Д. Абаев

Published on: 01.11.2018
Updated on: 01.11.2018

 

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map