E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

Astana Hub технопаркінің халықаралық презентациясы

2018 жылдың 6 қарашасында  Астанада Astana Hub IT-стартаптар технопаркінің халықаралық презентациясы өтті. Іс-шара Елбасы Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың, Қазақстанның және басқа елдердің ресми тұлғаларының, халықаралық IT-қауымдастық өкілдерінің қатысуымен өтті.

Презентация барысында қонақтарға Astana Hub-тың негізгі өнімдері, сонымен қатар EXPO павильондарының бірінде орналасқан инфрақұрылымы таныстырылды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Astana Hub-тың ғимаратын аралап, оған сол технопарк аумағында орналасқан Astana Hub-тың резиденттері — қазақстандық стартап-жобалар, халықаралық R&D зертханалар өз жұмыстарын таныстырды. Huawei, Cisco және IBM зертханаларының өкілдері Smart City және басқа перспективалы бағыттар бойынша өз шешімдерін көрсетті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы IT-университетінің қызметімен танысты, ол сондай-ақ Astana Hub, AIFC және Назарбаев Университетімен бірге инновациялық кластерге қосылады.

Astana Hub-тың халықаралық презентациясы барысында Қазақстанның Премьер-Министрінің орынбасары Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы «Smart Data Ukimet» тақырыбында баяндама жасады.

Халықаралық тұсаукесерде өткен соңғы іс-шара Мемлекет Басшысының Эстония Республикасының Премьер-Министрі Юрий Ратаспен екіжақты кездесуі болды, онда өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Astana Hub технопаркі Цифрлық Қазақстан бағдарламасының бесінші бағытының аясында инновациялық экожүйені дамыту үшін Қазақстан Республикасының тапсырмасы бойынша құрылған.

Astana Hub технопаркінің жаһандық миссиясы – инновациялық жобалардың даму орталығы атанып, ілгері IT-компаниялар өсіріп, бүкіл әлемнің жас және талантты IT-мамандарының сыни массасын тартуға арналған тұғырға айналу.

2018 жылдың ақпан айында года Astana Hub алғашқы тапсырмаларын жүзеге асыра бастады. Олар — акселерация мен инкубация бағдарламасы, инфрақұрылым қалыптастыру, отандық және халықаралық ұйымдармен серіктестік орнату, заңнаманы жетілдіру.

Қазіргі таңда технопарк аумағында 146 стартап өз жобаларын жүзеге асыруда, оның ішінде 22 жоба — акселерация бағдарламасының түлектері, ал қалғандары — инкубация бағдарламасына қатысқан. 


 

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map