E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

«Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

«Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі  № 505 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11301 болып тіркелген,  2015 жылғы 2 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:    

жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

«3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;

жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

«3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;

4-тармақтың 1) тармақшасы  мынадай редакцияда жазылсын:

«1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға  тапсырған сәттен бастап,  сондай-ақ порталға өтініш берген сәттен бастап 13 (он үш) жұмыс күні ішінде лицензия беру;»;

жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

осы нысанға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес өтiнiш;

жеке тұлғалар үшiн – теле-, радиоарнаның меншiк иесi болып табылатын шетелдiк жеке тұлғаның паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа құжатының көшiрмесi, қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасын нотариат куәландырған, кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi;

заңды тұлғалар үшiн – сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi немесе құрылтайшы – шетелдiк заңды тұлға шетелдік мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа заңдастырылған құжат;

шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.

Шетелдік  теле-, радиоарнаны қайта есепке қою үшін (теле-, радиоарнаның меншiк иесiнің ауысуына не заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруіне, атауының, негізгі тақырыптық бағытының өзгеруіне, Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу рәсімінен өткен жаңа заңды тұлғаны немесе филиалын (өкілдіктерін) құрумен  байланысты)  көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:

осы нысанға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес өтiнiш;

жеке тұлғалар үшiн – теле-, радиоарнаның меншiк иесi болып табылатын шетелдiк жеке тұлғаның паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа құжатының көшiрмесi, қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасын нотариат куәландырған, кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi;

заңды тұлғалар үшiн – сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi немесе құрылтайшы – шетелдiк заңды тұлға шетелдік мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа заңдастырылған құжат;

шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы одан бұрын куәліктің берілген түпнұсқасы.

Теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:

осы нысанға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес өтiнiш;

жеке тұлғалар үшiн – теле-, радиоарнаның меншiк иесi болып табылатын шетелдiк жеке тұлғаның паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа құжатының көшiрмесi, қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасын нотариат куәландырған, кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi;

заңды тұлғалар үшiн – сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi немесе құрылтайшы – шетелдiк заңды тұлға шетелдік мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа заңдастырылған құжат;

шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін бюджетке алымның төленгенін растайтын құжат.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде өтініштің көшірмесіне құжаттар пакетінің қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.»;

жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

3-тармақ мынадай редакцияда бекітілсін: 

«3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ақпарат комитеті көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).»;

жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке қою, қайта есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

3-тармақ мынадай редакцияда бекітілсін: 

«3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;

  1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті заңңамада белгіленген тәртіппен:
  1. осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  2. осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
  3. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
  4. осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникациялар

министрі                                                                   Д. Абаев

Published on: 26.11.2018
Updated on: 21.12.2018

 

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map