E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

Internet

Телекоммуникация саласын дамытудағы негізгі тапсырмалардың бірі – тұрғындарды Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікпен (КЖҚ) қамтамасыз ету. Қазақстандықтардың сапалы интернетті пайдалану қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында елімізде байланыстың сымды және сымсыз технологиялары қолданылуда.

Интернетке сымсыз қолжетімділік 3G, 4G технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырылуда.

Интернеттің жылдамдығы 3G технологиясы арқылы секундына 7,2 Мбит, 4G желісінде – секундына 100 Мбитке жетеді.

Сымды интернетке қосылу ADSL, CDMA/EVDO және FTTН технологиялары арқылы жүзеге асырылуда.

ADSL технологиясы қарапайым “мыс” телефон арналары арқылы бір мезетте дауыс және жылдамдығы секундына 10 Мбитпен мәліметтерді беруге  мүмкіндік береді.

FTTН  технологиясы бойынша интернетке қосылу жылдамдығы секундына 100 битке ұлғайтуға мүмкіндік береді, және iP–телефония мен жоғары сапалы телевизия секілді телекоммуникация қызметтерінің толық спектрін ұсынады.

Шалғай ауылдық елді мекен абоненттері үшін интернетке қосылу жылдамдығы секундына 3,1 Мбитті құрайтын интернетті пайдалануға мүмкіндік беретін CDMA/EVDO технологиясы қолжетімді.

 

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map