E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Цифрландыру департаментінің директоры

Бажаева Назгүл Аманқұлқызы 1987 жылдың 10 сәуірінде дүниеге келген.

2008 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетті «Ақпаратты қорғау технологиялар және ұйымдастыру» мамандығын «өте жақсы» бағамен тәмамданды.

2012 жылы «Болашақ» бағдарламасы стипендиясы тағайындалды. АҚШ, Бостон университетінің  АТ- жобаларын басқару концентрациясымен компьютерлік ақпараттық жүйелер магистрі («Компанияда жобаларды басқару тәжірибесі» (ANSI PMI PMBOK Guide 4TH Edition)  курсы бойынша сертификаты бар).

2017 жылы Д.М. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында құқық магистрін тәмамданды.

2008 – 2015 жылдары – Ақпараттандыру және байланыс, байланыс және ақпарат, көлік және коммуникациялар, инвестиция және даму министрліктерінде Ақпараттық технологиялар департаментінде сарапшы, бас сарапшы.

2015 – 2017 жылдары – Инвестициялар және даму, Ақпарат және коммуникациялар министрліктерінде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаментінің басқарма басшысы, директорының орынбасары.

2018 жылдың 25 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Цифрландыру департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.

2017 жылы «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» номинациясы бойынша Елбасының алғыс хатымен және омырауға тағатын белгімен марапаттанды.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Цифрландыру департаменті директорының орынбасары

Молдабеков Бекболат Серікұлы 1991 жылдың 12 тамызында дүниеге келген.

2013 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетті  «Ақпараттық жүйелер» мамандығын тәмамданды.

2014 – 2016  жылдары - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті, Нормативтік – техникалық құжаттамаға сараптама жүргізу және ақпараттық жаңа модельді дамыту басқармасының бас сарапшысының м.а., бас сарапшы.

2016 – 2018  жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпараттандыру департаменті Ақпараттандырудың жаңа моделін дамыту және нормативтік-техникалық құжаттамаға сараптама жүргізу басқармасының бас сарапшысы, басшысы.

2018 жылдың 18 маусымында Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Цифрландыру департаменті директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

 

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map