E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

Management

Персоналды басқару департаментінің директоры

Ешанқұлов Әділбек Еркінбекұлы 1984 жылы 11 маусымда дүниеге келді.

Қазақ қоғамдық-заң университетінің құқықтану бакалавры (2005 ж.), құқық ғылымдар магистрі (2012 ж.) мамандығын тәмамдады.

2006-2008 – ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің статистик-бас маманы, бөлім прокуроры.

2008-2012 – ҚР Әділет министрлігінің сарапшысы, бас сарапшысы, басқарма бастығы.

2012-2013 – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің сектор меңгерушісі.

2013-2014 – Павлодар облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (Павлодар қ.) Тәртіптілік кеңесі басшысының орынбасары-хатшылығының меңгерушісі.

2014-2015 – ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің сектор меңгерушісі.

2015-2019 – ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Персоналды басқару бөлімі (кадр қызметі) меңгерушісінің орынбасары

2019 жылғы 21 қаңтардан сәуірге дейін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Персоналды басқару департаментінің директоры.

2019 жылғы 1 сәуірде  Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Персоналды басқару департаментінің директоры болып тағайындалды. 

Персоналды басқару департаменті директорының орынбасары

Құдайберген Аида Қайырлықызы 1985 жылдың 20 қазанында дүниеге келген.

2007 жылы – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдаған (2009 жылы – «мемлекеттік және жергілікті басқару» магистрі, 2011 жылы – «құқытану», 2018 жылы – «бағалау»).

2009 – 2011 жылдар – Семей қаласының Қаржы бөлімінің бас маманы.

2011 – 2016 жылдар – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат, Көлік және коммуникация, Инвестициялар және даму министрліктерінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы.

2016 – 2018 жылдар – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Персоналды басқару департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы.

2018 – 2019 жылдар Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Персоналды басқару департаменті директорының орынбасары.

2019 жылғы 1 сәуірде  Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Персоналды басқару департаментінің директорының орынбасары болып тағайындалды. 

 

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map