E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

You are here

Regulation

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ішкі аудит департаменті туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Ішкі аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Заң), қолданыстағы заңнама талаптарын және Министрліктің ішкі құжаттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.

4. Департаменттің қарамағына:

Аудит, мониторингтеу және бағалау басқармасы кіреді.

5. Департамент қызметкерлерінің функционалдық міндеттері, құқықтары және жауапкершілігі Департамент туралы ереженің негізінде әзірленетін тиісті лауазымдық нұсқаулықтармен белгіленеді және оны Министрдің келісімі бойынша бұйрық негізінде Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.

2. Департаменттің мәртебесі

6. Департамент Министрліктің бөлімшесі болып табылады, басқа құрылымдық бөлімшелерден тәуелсіз, Министрге және құзыреті шегінде Жауапты хатшыға бағынады және есеп береді, Министріктің ішкі бақылау жүйесінің тұрақты мониторгінің бөлігі ретінде болады.

7. Департамент ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуде және ішкі аудит нәтижелері туралы есептер дайындауда тәуелсіз.

8. Департамент Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерінің құзыретіне жататын жұмыстарға, сондай-ақ оның өкілеттіктеріне жатпайтын бағдарламалар мен жобаларды дайындау немесе орындауға тартыла алмайды.

9. Департамент қызметкерлеріне Департаменттің мәртебесіне, Министрліктің ережесіне және осы Ережеге сәйкес қолданылуы мүмкін Министрліктің құжаттарын  қоспағанда, Министрліктің ішкі құжаттарының ережелері таратылмайды.

10. Департамент қызметін бағалауды ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі  уәкілетті орган жүргізеді.

3. Департаменттің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттемелері

11. Министрге Министрліктің стартегиялық мақсаттары мен тапсырмаларына қол жеткізу үшін қажетті жәрдемдесу, мемлекеттік органда тиімді басқаруды және бюджет қаражатын, мемлекеттің активтерін және квазимемлекеттік сектордың субъектілерін басқару және пайдалану тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге арналған тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген тәуелсіз және объективті ақпаратты Министрге ұсыну Департаменттің  негізгі мақсаты болып табылады.

12. Департамент міндеттері:

1) Министрліктің стратегиялық құжаттарының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілуін талдау;

2) қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығын, Министрліктің қызметін ішкі ұйымдастыру процестерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет активтерінің сақталуын талдау, бағалау және тексеру.

13. Департамент функциялары:

1) қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуге қатысады;

2) Министрлікте, ведомстволық бағынысты ұйымдарында олардың қызметінің барлық бағыттары, соның ішінде көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша тиімділік аудитін жүргізеді;

3) Министрлікте, ведомстволық бағынысты ұйымдарында сәйкестік аудитін жүргізеді;

4) мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерінің және шарт талаптарын орындаудың сәйкестік аудитін жүргізеді, соның ішінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетілердің мерзімдері, көлемі, бағасы, саны мен сапасы бойынша;

5) Министрліктің ішкі процестерінің (бизнес процестерінің) тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде Министрлікте, ведомстолық бағынысты ұйымдарында ішкі бақылау және басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асырады;

6) Министрліктің стратегиялық жоспарының және бюджеттік шығыстармен өзара байланыстағы мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуін, оның ішінде бюджеттік инвестициялар шеңберінде талдайды;

7) Министрлікте тауарлық-материалдық қорлардың және өзге активтердің сақталуына тексеруді жүзеге асырады;

8) республикалық активтер мен мүліктің сақталуын тексеруді жүргізеді;

9) мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының ішкі мемлекеттік аудит жүргізуге байланысты тиісті ақпаратты тыңдайды;

10) Қазақстан республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджет қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, болдырмау жөніндегі, анықталған кемшіліктерді жою, Министрлік қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдармен бірге ішкі мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы есепті Министрге енгізеді;

11) Министрлік басшысына жылдық жұмыс жоспарларын орындау мониторингін жүзеге асырады;

12) жүргізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар туралы есептер мен ақпаратты ішкі мемлекеттік аудит бойынша уәкілетті органға жібереді;

13) Министрлік алдында, сондай-ақ жүргізілген аудит туралы ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жыл сайын есеп береді;

14) Министірліктің құрылымдық бөлімшелері және ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметінің тиімділігіне бағалауды жүзеге асырады;

15) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен, оның ішінде Департаментпен берілген ұсынымдардың, нұсқамалардың, соңдай-ақ камералдық бақылау нәтижесі бойынша хабарламалардың орындалуына мониторинг жүргізеді;

16) Министірлікте, аумақтық бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты ұйымдарында жүргізілетін сыртқы бақылау және қадағалау іс-шараларына мониторингті жүзеге асырады, анықталған заңбұзушылықтарға талдау жасайды және олардың жойылуына бақылау жасайды;  

17) ведомстволық бағынысты ұйымдардың ішкі аудит/бақылау қызметтерді жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады. 

14. Департамент құқықтары:

1) құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыруға байланысты мәселелер бойынша ведомстволық ақпараттар жүйелері деректерінің құрамы мен нысандары туралы мәлеметтерді, құжаттаманы, ақпаратты, материалдарды (дәлелдемелерді), анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату;

2) Департамент құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының бюджетік заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу және оларды тиісті уәкілетті органның қарауына ұсыну;

3) мемлекеттік аудитті жүргізу шеңберінде құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит объектілерінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз қол жеткізу;

4) мемлекеттік аудит міндеттері мен мәндеріне сәйкес ішкі аудит нәтижилері туралы есепті дайындау үшін белгіленген мерзімдерде құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттаманы, соның ішінде электронды тасығыштарда ақпарат алуға, сондай-ақ ақпаратты жүйелерге  қолжетімділікті, соның ішінде құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтитын жазбаша және ауызша түсініктемелерді және өзге де ақпаратты алу;

5) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары жүргізген мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша қабылданған актілерді және құжаттарды сұрату;

6) өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларынан және басқа да лауазымдық тұлғаларынан тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру және мемлекеттік аудитті жүргізген кезде анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша жазбаша түсініктемелерді, сондай-ақ белгіленген тәртіппен куәландырылған құжаттар көшірмелерін ұсынуды талап ету;

7) Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру бойынша жұмыстағы консультациялық  көмек көрсету;

8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге құқықтарға ие.

15. Департамент міндеттемелері:

1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікте мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізеді;

2) Департаменттің жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын, Департаменттің оқыту бойынша жоспарларын әзірлеуге қатысады және оларды Министрге бекітуге ұсынады және орындалуын қамтамасыз етеді;

3) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде тиісті жылға Министрмен бекітілетін мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастырады;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қамтитын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шектеулі таратылатын қызметті ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, Министрліктің интернет-ресурсында оларды бекіткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті жылға бекітілген мемлекеттік аудит тізбесін және оған өзгерістерді орналастырады;

5) қайталауды болдырмау мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін және оған өзгерістермен келіседі;

6) жүйелік негізде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының, оның ішінде Департаменттің деректерін, міндетті орындалатын ұсынымдары мен ескертпелердің орындалу мониторингін жүзеге асырады;

7) мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының  мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде сұратылған құжаттар мен материалдарды ұсынбау немесе уақытылы ұсынбау фактілері бойынша актілер жасайды;

8) Қазақстан Республикасы заңнамасын, мемлекеттік аудит объектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтайды;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімде мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау материалдарын бірыңғай деректер базасына орналастырады;

10) мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының

іс-әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілерін анықтаған жағдайда құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға тиісті аудиторлық дәлелдермен қоса материалдар береді;

11) мемлекеттік аудит объектісінің белгіленген режиміне кедергі жасамайды;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және олардың жолын кесу бойынша берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындайды;

13) қызметтік және кәсібі этика талаптарын сақтайды;

14) мемлекеттік аудит объектісінің басшысына (лауазымдық тұлғаларына) мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде қатысуға кедергі жасамайды, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәніне қатысты мәселелер бойынша түсініктемелер береді;

15) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді, соның ішінде мемлекеттік құпияларға, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияға жататын мәліметтерді жарияламайды;

16) Министрге мүдделер қақтығысына ықпал ететін жағдайлар туралы хабарлайды;

17) мемлекеттік аудит барысында алынған және жиналған ақпараттың және іс жүзіндегі фактілердің негізінде ғана мемлекеттік аудит нәтижелерін негіздейді;

18) Министр басшылық ететін Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңеспен өзара іс-қимыл жасайды, оның ұсыныстарын жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;

19) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттер.

16. Департамент өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

17. Мемлекеттік аудитті жүзеге асыру кезінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттардың негізгі қағидаттарын бұзғаны үшін Департамент қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дербес тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікте болады.

4. Департамент қызметін ұйымдастыру

18. Департаментке басшылықты Министрдің келісімі бойынша Министрліктің жауапты хатшысы  лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Департамент директоры жүзеге асырады.

19. Департамент директоры Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуын және функцияларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Департамент қызметкерлерінің құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін белгілейді, Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөннідегі кеңес құрамына қатысады.

20. Департамент директоры Министрге Департаменттің құрылымы және штаттық кестесі жөнінде ұсыныстар береді.

21. Департамент директоры өз құзыреті шегінде Министрге, Жауапты хатшыға бағынады.

22. Департамент директорының заңнамаға сәйкес бір орынбасары бар.

23. Осы мақсатта Департамент директоры:

1) өз орынбасарының, Департамент құрамына кіретін басқармалар басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарына және актілеріне сәйкес өзге өкілеттікті жүзеге асырады.

24. Департамент директорының орынбасары:

1) өз өкілеттігі шеңберінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департаменттің директоры болмаған кезеңде Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) Департаменттің директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

25. Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент атынан Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелеріне, ведомстволарға, ведомстволық бағынысты ұйымдарға жіберілетін құжаттар мен сауалдарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда – оны ауыстыратын тұлға қол қояды.

26. Департамент қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті өткеру жағдайлары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасымен осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтқы актілермен белгіленеді.

27. Департамент қызметі оларға жүктелген міндеттер мен өкілеттіктерді іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Министр бекітетін Департаменттің жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарына және тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

28. Кіріс және шығыс хат-хабарлары хаттарын Министр немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның, жауапты хатшы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның нұсқаумен жібереді, олар белгіленген мерзімдерде міндетті түрде орындалуға жатады.

29. Департамент директоры, оның орынбасары және Департаменттің басқарма басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға міндетті және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауға дербес жауапты болады.

30. Департамент жұмыскерлерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген тәртіппен бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарда айқындалады.

5. Департаменттің есептілігі

31. Департамент ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жүргізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар туралы есептер мен ақпаратты жібереді.

32. Департамент жыл сайын Министрге, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары туралы жылдық есептерді береді.

 

E-Archive of Compulsory Free Copies of Periodicals

Mobile version RSS Site map