Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі мәресіне жетті

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі сәтті аяқталды. Байқау нәтижесі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен салтанатты рәсімде жарияланды.

3 айға созылған іріктеу кезеңінде «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысуға ниет білдірген азаматтардан 2388 өтініш келіп түсті. Жеңімпаздарды анықтау мақсатында – 2018 жылдың 2-і мен 15-ші қарашасы арасында 100esim.el.kz ресми сайты арқылы бүкіл халықтық онлайн дауыс беру өткізілді.

Дауыс беру арқылы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының 2018 жылғы жеңімпаздары анықталды. 29 қатысушыға ел тұрғындарының басым бөлігі дауыс берген.


 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы