Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

You are here

Түркітілдес мемлекеттердің ынтамақтастық кеңесінің инфокоммуникациялық технологиялар министрлерінің үшінші отырысы

2019 жылдың 31 қаңтарында Алматы қаласында Түркітілдес мемлекеттердің ынтамақтастық кеңесінің ИКТ министрлерінің үшінші отырысы өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Түркітілдес мемлекеттердің ынтамақтастық кеңесінің бас хатшысы Багдад Амреев, Түркияның Қатынас және инфрақұрылым министрі Мехмет Турхан, Қырғызстан Республикасы Ақпараттық технологиялар және байланыс мемлекеттік комитетінің төрағасы Бақыт Шаршембиев, Әзірбайжан Республикасының Көлік, байланыс пен жоғары технологиялар министрінің орынбасары Эльмир Велизаде, сонымен қатар Венгрияның Инфокоммуникация, инновация мен  технологиялар министрлігінің мемлекеттік хатшысының орынбасары Кароли Солимар қатысты.

Отырыс барысында инфокоммуникациялық технологиялар саласындағы ортақ инфрақұрылымдық жобалардың дамуы мен аймақтық инновациялық экожүйені қарқынды нығайту мәселелері талқыланды.


 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы