You are here

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі ақпарат

Бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі

2016 жылғы 1 қаңтардан 20 қыркүйек аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөнінде БАҚ-да 17493 материал тіркелген. Оның ішінде, республикалық телеарналарында - 1104 сюжет, республикалық баспа БАҚ беттерінде – 1199 мақалалар, интернет-ресурстарында – 7588 жарияланым, өңірлік БАҚ-да – 7602 материал (оның ішінде, телеарналарында - 1832 сюжет, газеттерде – 3892 мақалалар, интернет-ресурстарында – 1878 жарияланым).

БАҚ түрлері мен үндестігі бойынша материалдар саны:

БАҚ түрі

Жалпы

Жағымды

Бейтарап

Жағымсыз

ҚР

ӨБАҚ

ҚР

ӨБАҚ

ҚР

ӨБАҚ

ЭБАҚ

2936

4

2

1096

1815

4

15

10ББАҚ

5091

3

3

1103

3814

93

75

Интернет

9466

2

0

7490

1842

96

36

ЖАЛПЫ

17493

9

5

9689

7471

193

126

№1 Кесте. Барлық БАҚ түрлері бойынша айлық қимасындағы динамикасы:

Кезең

ЭБАҚ

ББАҚ

Интернет

РБАҚ

Жалпы

қаңтар

102

100

720

775

1697

ақпан

100

110

827

837

1874

наурыз

135

186

1000

858

2179

сәуір

239

183

1350

1181

2953

мамыр

84

115

588

705

1492

маусым

127

156

911

923

2117

шілде

125

141

768

993

2027

тамыз

106

131

865

885

1987

қыркүйек

86

77

559

445

1167

Жалпы:

1104

1199

7588

7602

17493

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕЛЕАРНАЛАР

Республикалық телеарналар эфирінде 1104 материал тіркелген. Ақпараттық сүйемелдеуінде ерекше белсенді қатыстысқан КТК телеарнасы – 219 материал, «Хабар 24» – 217 материал және «Еуразия» Бірінші арнасы» – 171 материал.

Барлық телеарналар арасында материалдар саны келесі ретпен бөлінді:

 

Мемлекеттік телеарналар

Беймемлекеттік телеарналар

«Хабар 24» - 217

КТК – 219

«Еуразия» Бірінші арнасы» - 171

«Астана» - 155

«Хабар» - 116

«31 арна» - 79

«Қазақстан» - 42

«Алматы» - 56

 

СТВ – 48

 

«АсылАрна» - 1

Жалпы – 546

Жалпы– 558

Жалпы – 1104

Республикалық телеарналардың материалдары мемлекеттік органдарымен жалған кәсіпкерлік фактілерін анықтау, Алматы қаласындағы стихиялы нарықтармен күресіне арналған. Жағымсыз материалдар «КТК» және «31 арна» республикалық телеарналарында тіркелген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелеріне ерекше назар «Нарық айнасы», «Сұхбат», «Деловой экспресс», «Бюро расследований», «Арнайы хабар» ( «Хабар 24» телеарнасы), «По сути/Негізінде» («Хабар» телеарнасы) «Деловое время» («Алматы» телеарнасы), «Ерен еңбек» («Асыл арна» телеарнасы) аналитикалық бағдарламаларында аударылды.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТТЕР

Республикалық баспа басылымдардың беттерінде 1199 материал тіркелген. Оның ішінде республикалық БАҚ-да –105 мақала,
«Нұр Медиа» газеттерінде – 93 мақала, мемлекеттік емес БАҚ-да –
1001 мақала.

Ақпараттық сүйемелдеуде «Время» газетіаса белсенді қатысқан – 159 материал. Мемлекеттік басылымдар материалдарының үлесі  9%-ды құрайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет тақырыбына арналған республикалық газеттердің «Банки и финансы», «Закон и порядок», «Коррупции - заслон», «громкое дело», «Коррупция», «Госслужба», «Антикоррупционная политика», «Прокурорский надзор», «Взятка за трудоустройство», «Жемқорлық пен күрес үздік сізжалғасуда», «Матаев тықамау мерзiм iұзартылды», «Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарас артып келеді» атты мақалалары өзімен тақырыптық шолу жарияланымдары ретінде ұсынды. Бұдан басқа, республикалық газеттеріндегі бірқатар материалдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша тезистерді қамтыды.Әсіресе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын ұстану аясындаазаматтық қоғам ұйымдардың рөлі аталып өтілді.

ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР

Жалпы республикалық интернет-ресурстарында 7588 материал тіркелген. Оның ішінде ақпараттық агенттіктер сайттарында – 2382 жарияланым. Тақырыпты сүйемелдеу кезінде аса белсенді интернет-ресурстар: inform.kz – 754, bnews.kz – 479, ҚазТАГ – 391 және zakon.kz – 360 жарияланым жарияланған.

№ 3 Диаграмма. 7 жетекші ақпараттық агенттіктердің қимасындағы бейне:

Негізгі материалдар саны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметі, соттың талқылауы, сондай-ақ халықты ақпараттандыру бойынша профилактикалық іс-шаралар сүйемелдеді.

Bnews.kz, inform.kz және strategy 2050.kz интернет-порталдардың мақалалары бейнематериалдармен сүйемелденді. Kapital.kz сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру кезінде қоғамдық кеңестердің пайдасы жөнінде материал тіркелген.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін мемлекеттік органдар немесе мекемелерді жалпы сынау материалдары тіркелген.

ӨҢІРЛІК БАҚ

Өңірлік БАҚ-тарда сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру тақырыптарын жариялау бойынша 7 602 материал анықталды. Оның ішінде, өңірлік телеарналар эфирінде – 1832 сюжет, баспа БАҚ – 3892 мақалалар, интернет-ресурстарында – 1878 жарияланым. Көбінесе материалдар бейтарап-жағымды тұрғыда сүйемелденді.

Материалдардың негізгі бөлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген дөңгелек үстелдер мен семинарларына, «Жемқорлықсыз ел-гүлденген ел» жобасын іске асыру бойынша іс-шараларына, сыбайлас жемқорлық фактілеріне арналды.

Сонымен қатар, ел өңірлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы«Өзіңнен баста!»  акциясының өткізілу іс-шаралары белсенді жарықтандырылды.

№ 2 Кесте. Өңірлер қимасындағы сүйемелдеу динамикасы:

Өңірлік телеарналар эфирінде сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру тақырыбын жариялау бойынша 205 бағдарлама айқындалды. Белсенділік танытқан телеарналар ішінде:«Алау» (38), «Первый Северный» (20),  «Қазақстан - Қостанай» (18) және «5 арна» (17).

Өңірлік баспа басылымдарында«Жемқорлық - індет, жою - міндет», «Жемқорлық - жегі құрт, індетіп көзін құрт!», «Жемқорлық - індет, жеңу - міндет!», «Жемқорлыққа - жол жоқ!», «Антикоррупционный иммунитет», «Антикоррупционная политика» және т.б. арнайы тақырыптық айдарлар айқындалған.

Осы кезеңде негізгі ақпараттық себептер болған:

  • ҚР Президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша Комиссия отырысы;
  • бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет істері бойынша Министрлігінің алқа отырысы;
  • Қаржы министрі Б. Сұлтановтың есептік кездесуі;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет мәселелері бойынша Астана қ. әкімдігінің кеңесі;
  • Шығыс Қазақстан облысындағы «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша  қоғамдық кеңесінің отырысы;
  • Астана қ. бойынша мемлекеттік қызмет істері бойынша Министрлігі Департаментінің этика бойынша Кеңесінің бірінші отырысы;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру бойынша ҚР ИДМ-нің кеңесі;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясын жүзеге асыру жағдайымен ҚР ІІМ-нің полиция органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет мәселелері бойынша кеңес;
  • ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы;
  • ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы қатысуымен өткен селекторлық мәжiлiс;
  • заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күрес жөнінде Үйлестіру кеңесінің отырысы;
  • 2015 жылға Қазақстан Республикасының сыбайлас Жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөнінде есебін жариялау;
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі БАҚ өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша тақырыбында үздік жұмыс конкурсы;
  • Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Ғ. Әди қатысуымен Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз маслихаты;
  • Астана қ. сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа стратегиясын іске асыру жөнінде кеңес;
  • Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасының алқа отырысы;
  • Маңғыстау облысының құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша семинар;
  • Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы;
  • Мемлекеттік қызмет істері министрлігін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне қайта ұйымдастыру;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төраға орынбасары А. Шпекбаев төрағалығымен Астана қаласында өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы арналған кеңес;
  • Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жауапты хатшы С. Ахметжановпен ОКҚ-де өткен брифинг;
  • Қаржы министрі Б. Сұлтановпен ОКҚ-де өткен баспасөз маслихаты;
  • Солтүстік Қазақстан облысында өткізілген «Мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімдерін жаңғырту» тақырыбында ОКҚ-дегі брифинг;
  • Шығыс Қазақстан облысындағы «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша  қоғамдық кеңесінің отырысы;
  • «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ басшысы О. Әбдікәрімовтің қатысуымен ОКҚ-де өткізілген баспасөз маслихаты;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өңірлік департаменттерінің облыстық басшыларын тағайындау.

Аталып өткен ақпараттық себептер бойынша келесі спикерлердің сөз сөйлеуі тіркелген:

  • Г. Әбдіқалықова, Мемлекеттік хатшы;
  • Т. Донақов, Мемлекеттік қызмет істері министрі;
  • Қ. Қожамжаров, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы;
  • А. Шпекбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төраға орынбасары;
  • Ғ. Әди, Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры;
  • И. Меркель, ҚР Бас Прокурордың орынбасары;
  • А. Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі;
  • А. Перуашев, ҚР Парламенті Мәжіліс депутаты;
  • М. Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжіліс депутаты;
  • В. Разов, БҚО бойынша ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы;
  • Р. Дүйсенбаев, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Прокуратура басқармасының басшысы;
  • А. Айтжанов, Астана қ. Прокуратура басқармасының аға прокуроры;
  • А. Дүйсенова, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
  • А. Омар, «Ас-Ай» ЖШС-нің директоры;
  • А. Сарым, саясаттанушы;
  • Д. Сәтпаев, саясаттанушы;
  • М. Шибутов, саясаттанушы.

Нормативтік құқықтық жұмыс.

Қоғамдық бақылау институтын енгізу мақсатында 2015 жылғы 2 қарашада қабылданған «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы әзірленді.

Заң, бүкіл деңгейлі мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауына азамматардың және қоғамның кеңінен қалыптасуын қамтамасыз етеді, мемлекет халқының алдында есеп беретінің қалыптастыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған Қоғам кеңесінің қызметін ұйымдастыруын аңықтайды.

Қоғамдық кеңестердің қызметтерінің негізгі мақсаты, азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірлерін білдіру блып келеді.

Қоғамдық кеңестер екі деңгейде құрылады – республикалық және жергілікті, автономды және дербес болып келеді.

Республикалық деңгейлі қоғамдық кеңестерге, министрліктермен, үкімет құрамына кірмейтін атқарушы органдармен, арнайы мемлекеттік органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдармен бірлесіп қоғамдық институттар құрылатындар жатады.

Бұл ретте, қоғамдық кеңес конкурсттық негізде және мемлекеттік органдар өкілеттер санынан жұмыс тобы құрылады.

Қоғамдық кеңес мүшесі комерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен, онынң ішінде өзін-өзі ұсыну жолмен ұсынылған кандидатуралар бола алады.

Қоғамдық кеңес ұсынытары мемлекеттік органдардың қарастыруы үшін міндетті болып келеді.

Сондықтан, құқықтық негіз, азаматтардың мүдделері мен құқықтарын қозғайтын, мемлекеттік органның қоғамдық сараптамасы шешімінде және алқалы органдардың жұмысына азаматтардың қатысыу мәселелері бойынша қоғамдық тындаулар өткізу үшін құрылды.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 1 тамыздағы № 78 бұйрығымен Ақпарат, ақпараттық коммуникациялық технологиялар және мемлекеттік қызмет көрсету салаларын дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесінің құрамы Заңға сәйкес бекітілді.

Қазіргі уақытта Қоғамдық кеңестің 2 отырысы өткізілді, осы отырыстарда қабылданған шешімдер Министрліктін интернет-ресурсында көрсетілген.

Сонымен қатар, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашада қабылданған Заң.

Заңмен қол жетімділігі шектелуге жатпайтын мәліметтер тізімі кеңейтілді. Бұл, атап айтқанда: өрт қауіпсіздігі, санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдай; тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі; азаматтар денсаулықтарына және қауіпсіздігіне қауіпті апаттар және төтенше жағдайлар, және олардың зардаптары туралы мәліметтер; сондай-ақ табиғи апаттар, олардың ресми жорамалдары және зардаптары; адамның және азаматтың құқығын және еркіндігін бұзған туралы фактілер, терроризмдік актілердің жасалғаны туралы және басқалар.

Бұдан басқа, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңын бұзғанға әкімшілік жауапкершілік енгізілген. Солай, көрінеу жалған көрсетпе берген немесе  ақпарат беруден бас тартқан жағдайда әкімшілік жауапкершілікке алып келеді.

Ол мемлекеттік қызметкерлерге таралады, сондай-ақ ішінара азамматтарға қызықты ақпараттарға иеленген бюджеттен қаржыландырылатын кәсіпкерлік субъектілергеде.

Нормативті шығармашылық қызметтерінің шеңберінде 14 мемлекеттік қызмет регламенті, сол уақытта 1 мемлекеттік қызметті жергілікті атқарушы орган көрсетті.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі – Тізілім) ҚР Үкіметінің қаулы жобасына сәйкес Министрліктің 15 мемлекеттік қызметтерінің ішінен, 2015 жылғы 24 қарашадағы № 419-V «БАҚ туралы» Заңына сәйкес  «Республикалық маңызы бар қалалар, астаналар, облыстар аумағына таралатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдар есебі» мемлекеттік қызметі өзгерістермен және толықтырулармен Министрлікке өтті.

Мемлекеттік қызметтердің 1 стандартының Әзірленуі және Бекітуі заңмен көрсетілген мерзімде аяқталатын болады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметерді дамыту

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 253 Жарлығына сәйкес, және де Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, оған Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің ақпарат, ақпараттандыру және байланыс саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, құрылды (бұдан әрі - Министрлік).  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер енгізу жобасына сәйкес, Миниситрліктің құзіретіне 15 мемлекеттік қызметтер кірді. Қазіргі таңда, Министрлікпен байланыс, ақпараттандыру және ақпарат салаларында мемлекеттік қызмет көрсетіледі.   Министрліктің ресми сайтында www.miс.gov.kz «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтер жайлы барлық анықтамалық ақпарат, нормативті-құқықтық база, және де тікелей мемлекеттік қызметтерді көрсететін құрылымдық бөлімшелердің байланысы орналасқан.

2012 жылдың 1 сәуір айынан бастап Министрліктің құзіретіне кіретін барлық мемлекеттік қызметтер жайлы халыққа консультациялық көмек ретінде бірыңғай (1414) Call – центр жұмыс істейді.

Министрліктің 15 мемлекеттік қызметтері бойынша электрондық форматта Электрондық Үкімет порталы арқылы www.egov.kz 10 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Қалған 5 мемлекеттік қызметтер дәстүрлі түрде көрсетіледі.

Сонымен қатар, Министрлікпен көрсетілетін 15 мемлекеттік қызметтерінің 7 – н «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемкорпорациясы) арқылы алуға болады.

Мемлекеттік қызметтерді қолжетімді және уақытылы көрсету кезінде, оның  тиімділігі үшін, "Мемлекеттік деректер базасы "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесі енгізілді,  онда электрондық форматта лицензия алу үшін азаматтардың өтініштері қабылданады және қаралады. Барлық рұқсат беру құжаттары тек қана МДҚ арқылы "Е-лицензиялау" электронды түрде беріледі.

 

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы