You are here

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақ: 

Сәлемдемені немесе хатты қалай табуға болады?

Жауап: Пошта жөнелтілімдерін қадағалау үшін www.post.kz. сайтына кіріңіз. Ашылған терезедегі іздеу жолында өзіңіздің сәлемдемеңіздің трек нөмірін немесе профилде көрсетілген телефон нөмірін енгізіңіз және «Іздеуді» басыңыз. 

Сұрақ:

Электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қалай алуға болады?

Жауап:

ЭЦҚ алу үшін пайдаланушыға www.pki.gov.kz сайтына өту қажет. Одан әрі  "ЭЦҚ кілттерін алу" бөліміне өтіп, қажетті ҚР ҰКО тіркеу куәліктерінің түрін таңдау қажет: жеке тұлғаларға арналған ЭЦК, заңды тұлғаларға арналған ЭЦК, шет мемлекеттерінің азаматтарына арналған ЭЦК (ҚР Резиденті еместерге), SSL техникалық сертификаты.

Тіркеу куәліктерін алу үшін бағдарламалық қамтылымды   (NCALayer және Java) орнату және «online» режимінде өтінім жіберу қажет. Сыртқы құрылғыда немесе файлдық жүйеде ЭЦҚ жабық кілттері қалыптасатын болады. Берілген өтінімді растау үшін қажетті құжаттардың топтамасын жинап, Тіркеу орталығына (ХҚКО) жүгіну қажет. Содан кейін, берілген өтінімнің нөмірі бойынша тіркеу куәлігін орнатыңыз.

Сұрақ:

ЭЦҚ-ны қалай ұзартуға болады?

Жауап:

ЭЦҚ-ның қолданыс мерзімі өтпеген жағдайда, пайдаланушы ЭЦҚ-ны www.pki.gov.kz сайтында Жеке кабинет арқылы, "ЭЦҚ Алу" бөлімінде ұзарта алады, бұл ретте ХҚКО жүгіну талап етілмейді.

Жеке тұлғаның ЭЦҚ-сын ұзарту бойынша толық тәртіп www.pki.gov.kz сайтында жеке тұлғаға үшін жеке кабинетте жұмыс жасау жөніндегі пайдаланушы нұсқаулығының 3.2.3-тармақшасында сипатталған.

Заңды тұлға қызметкерінің ЭЦҚ-сын ұзарту бойынша ақпарат www.pki.gov.kz сайтында орналастырылған  заңды тұлғаның қызметкерлері үшін жеке кабинетте жұмыс жасау жөніндегі нұсқаулығының 3.2.2.-тармақшасында көрсетілген.

Заңды тұлғаның Бірінші басшысының ЭЦҚ-сын ұзарту бойынша ақпарат, www.pki.gov.kz сайтында "Бірінші басшының жеке кабинетте жұмыс жасау жөніндегі басшылық" нұсқаулығының  3.2.2.-тармақшасында көрсетілген.

"Қазынашылық Клиент" АЖ үшін ЭЦҚ-ны on-line режимінде ұзарту мүмкіндігі болмағандықтан, ЭЦҚ-ны ХҚКО арқылы қайтадан алу қажет.

Сертификаттардың мерзімі өтіп кеткен жағдайда, пайдаланушыларға қайтадан ҚКО-ға жүгініп, ЭЦҚ алу процесін қайта өту қажет.

Cұрақ: 

ЭЦҚ алу үшін қандай құжаттар қажет?

Жауап:

Тіркеу куәліктерін алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі ҚР ҰКО www.pki.gov.kz сайтында "ЭЦҚ кілтін алу" бөлімінде орналасқан.

Тіркеу орталығына (ХҚКО) жеке тұлғаның тіркеу куәліктерін шығаруға арналған өтінімді растау үшін қажетті құжаттар тізімі:

•  Өтінімді бергеннен кейін қалыптастырылған, өтінімнің нөмірімен және өтініш берушінің қолымен белгіленген өтініш (белгіленген үлгідегі);

•  жеке басын куәландыратын құжат;

•  көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде – Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беруге құжаттарды ұсынуға және сенімхатпен айқындалған тапсырманы орындау үшін тиісті құжаттарға қол қою өкілеттігінің көрсетілуімен көрсетілетін қызметті алушының өкіліне нотариалдық куәландырылған сенімхат.

Заңды тұлғаның бірінші басшысына Тіркеу орталығына (ХҚКО) тапсыру үшін (заңды тұлғаның басқа қызметкерлеріне www.pki.gov.kz сайтында толық тізбесі орналастырылған) қажетті құжаттардың тізімі:

•   Өтінімді бергеннен кейін қалыптастырылған, өтінімнің нөмірімен және өтініш берушінің қолтаңбасымен белгіленген өтініш (белгіленген үлгідегі),

•   жеке басын куәландыратын құжат;

•   көрсетілетін қызметті алушының (заңды тұлғаның бірінші басшысы) мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде – белгіленген үлгідегі сенімхат

•   жұмыс орнынан анықтама не лауазымға бірінші басшыны  немесе оның міндетін атқарушы тұлғаны тағайындау туралы заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған (болған жағдайда) бұйрықтың көшірмесі (шешім, хаттама);

•   көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлғасы ретінде заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы немесе куәлігі (болған жағдайда).

Сұрақ:
Жеке тұлғалар үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану/пайдалану үшін түсініктеме беруіңізді сұраймыз, атап айтқанда: ҚР заңнамасына сәйкес рәсімделмеген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікке иемдену құқығын заңдастыру үшін электрондық үкімет порталы арқылы «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен «Ақпараттандыру туралы» заңына сәйкес құжаттар жиынтығын жіберу мәселесін анықтауыңызды сұраймыз.
 
Жауап:
«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, осы заңның талаптарына сай келетін және қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат қағаз нұсқасындағы құжатқа тең болып табылады.
2014 жылғы 30 маусымның «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарына және  тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға мүлікті заңдастыруға байланысты амнистия жасау туралы» ҚР заңының 7-бабына сәйкес, осы заңның 10-бабында өзгеше көзделмесе, ҚР заңнамасына сәйкес рәсімделмеген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті заңдастыру, заңдастыру субъектінің тарапынан комиссияға мынадай құжаттарды тапсыру арқылы жүргізіледі:
1)осы Заңның 1-қосымшасына сәйкес үлгісінде мүлікті заңдастыру өтінішінің екі данасы;
2)жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, өтінішті тапсыру кезінде түпнұсқасын ұсыну қажет;
3)объектітің құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестігі бойынша ғимараттар мен құрылымдардың техникалық байқауын өткізетін сертификатталған сарапшының тұжырымы;
4)жылжымайтын мүліктің техникалық паспорты.
7-баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттар заңдастыру субъектілерімен жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша комиссияға беріледі.
Сонымен қатар, 2015 жылғы 24 қарашасының «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Руспубликасы Заңының  1-бабының 63) тармақшасына сәйкес «электрондық үкімет» - Үкімет функцияларын автоматтандыруы мен оңтайландыруына негізделген және электронды түрде қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге арналған.мемлекеттік органдардың өзара және жеке мен заңды тұлғалармен ақпараттық әрекеттестіктің жүйесі.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ҚР заңдарына сәйкес рәсімделмеген, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы заңдастыру іске асырылмаған (автоматтандырылмаған) болып табылады және де қағаз нұсқасында жергілікті атқарушы органдарымен жұргізіледі.
Осыған орай, жоғарыда аталмыш құжаттарды қағаз нұсқасында ұсыну қажет.
 
Сұрақ:
Қазіргі уақытта, бұқаралық ақпарат құралдарында ауылға кең жолақты Интернет желісін тарту жобасы туралы деректер бар. Жоба қандай сатыда екенін айтыңызшы ?
Жауап:
Ауыл тұрғындарына Интернетке анағұрлым жоғары жылдамдықпен КЖҚ қызметтерін қамтамасыз ету мақсатында «Қазақтелеком» АҚ мен «Транстелеком» АҚ «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендеріне Интернетке кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету» жобасы бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Бұл жоба екі кезеңмен жүзеге асырылмақ:
1-кезең - 2017-2018 жж.;
2-кезең - 2019-2025 жж. 
Қазіргі уақытта Жоба әзірлену (анықтап алу) сатысында. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңына сәйкес «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ-да сараптамадан өту үшін МЖӘ тұжырымдамасы әзірленуде.
Осыған қоса, Жобаның 1-кезеңіне кіретін ауылды елді мекендер тізімі анықталуда, сондай-ақ әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізуде.

 

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы