Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

«Connection Point» –  бұл «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» фронт-офистерінде ұйымдастырылған алаңдар, азаматтардың мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуы үшін арналған;

«ConnectionPoint» кеңесшілері клиенттерге электрондық цифрлық қолтаңбаны алуға өтініш беруге және қажетті электрондық қызметті ресімдеуге көмектеседі.

Бүгінде қазақстандықтар мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін 530 қызметтің ішінен 200-ден астам қызметті өзіне-өзі қызмет көрсету алаңында оператордың көмегінсіз өз бетінше ала алады.

Өзіне-өзі қызмет көрсету алаңында азаматтардың алатын қызметтердің көп тарағаны - мекенжай анықтамасы, зейнетақы аударымы туралы анықтама, жылжымайтын мүліктің бар/жоқтығы туралы анықтама, ЖК тіркеу.

Халықты өзіне-өзі қызмет көрсету форматына аударумен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ұсынылатын қызметтер санын көбейтуде.

 

Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы