You are here

Қызмет

Ақпарат және коммуникациялар министрлігін (бұдан әрі – Министрлік) құру барысында Елбасы қазақстандық БАҚ-тың негізгі жаһандық тенденция бағытында дамуы үшін қолайлы жағдай жасау міндетін қойған болатын.
Жалпы, бүгінгі күні БАҚ модернизациялау және ұлттық ақпараттық кеңістікті жүйелендіру бойынша негізгі жобалар құрылды.
Осы үдерісте негізгі рөлге «Қазақстан» телерадиокомпаниясы ие. «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан, «Балапан» балаларға арналған арнадан, «KazSPORT» спорт таралымынан және елдің барлық облыстарындарғы
14 өңірлік арналардан тұрады. Олардың өнімінің сапасын арттыру және аудиториясын кеңейту мақсатында «Қазақстан» РТРК АҚ 2021 жылға дейінгі даму стратегиясы әзірленді. Құжатқа сәйкес компания келесі бағыттардың қатары бойынша жұмыс жасайтын болады.
Біріншіден, аудиторияның үлесін арттыру және бағдарламалардың танымалдылығын талдау жүйесін енгізу арқылы рейтингтерін жоғарылату, сондай-ақ мақсатты топтардың нақты болжалы мен қалауларына бағытталу.
«Қазақстан» телеарнасы бойынша мақсатты индикатор – «бүкіл Қазақстан, 6+» панеліндегі Топ-3-ке кіру болып табылады.
Екіншіден, өнімдердің рейтингін ескеріп, контентті сатып алудың жаңа саясатын әзірлеу арқылы контенттің сапасын арттыру, сондай-ақ 2016 жылы жаңа контенттік саясатты әзірлеу.
Үшіншіден, Интернет желісі үшін жаңа имидждік стратегияны қосу, сайттарды жаңарту, HD-де онлайн көрсетілімді қосу, жаһандық және көпфункционалды мобильдік қосымша жасау арқылы Корпорацияның медиаресурстарын эфирден тыс ілгерілету.
Төртіншіден, KPI жүйесін енгізу, персоналды конкурстық іріктеуді жетілдіру және кадрлық резервті қалыптастыру арқылы персоналдың біліктілігін және құзыреттілігін арттыру,
Бесіншіден, Министрлік облыстық филиалдарды басқару жүйесін жетілдіру арқылы корпорацияның өңірлік саясатын қайта қарастыруды жоспарлады. Қаражатты тиімді жұмсауға бақылауды күшейту, хабар тарату сеткасын жетілдіру, медиа жоспарлауды орталықтандыру жоспарланып отыр. Трансформация бойынша маңызды жұмысты «Хабар» Агенттігі жүргізді.
Осыған орай, «Хабар» телеарнасы өзін көпжанрлық контенті бар отбасы арнасы болып көрсетеді. Арнада таңғы және күндізгі жаңалықтарды тарату тоқтатылды, жаңа құрылым – кешкі жаңалықтар қызметі құрылды, сондай-ақ басты назар аналитикалық, көркемдік және ойын-сауық контентіне аударылды. Жеке сериалдық өнімдерді шығару бойынша жұмыс жалғасуда. Қазір «Хабар» шамамен 110 серия шығарады, бұл орташа есеппен жылына
6 отандық сериал.
Жүргізіліп жатқан трансформация шеңберінде «24 KZ» телеарнасының ребрендингі жасалды. Енді «Хабар 24» эфирі арнайы репортаждар, телекүнделіктер, аналитикалық бағдарламалар жанрындағы әлеуметтік бағыттағы бағдарламалармен толықты. Телеарна жаңалықтарды жаңарту жиілігін көбейтті, репортаж үдгісіндегі бағдарламалардың үлесін арттырды, әлеуметтік-экономикалық публицистиканы дамытуда.
2016 жылғы 10 қыркүйектен бастап «Kazsport» телеарнасы HD заманауи форматында хабар тарата бастады. Резервті кешен толығымен қажетті техникалық құрылғылармен жабдықталып, іске қосылды. Бұл бір уақытта үш теле және үш радиоарнаны эфирге шығаруға мүмкіндік береді.
«Қазақ радиосының» қамту зонасы елдің барлық аумағының шамамен 90 %, «Шалқар» радиосы – 64 %, «Астана» радиосы – 60% және «Classic» радиосы – 17% құрайды. Сигналмен қамту бойынша жұмыс жалғасатын болады.
«Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде QR-кодты енгізу арқылы «басылым нұсқасы – электронды баспа» тізбегі құрылды, ол гаджеттің тиісті қосымшасы арқылы оқырманға газеттің электрондық нұсқасына өтуіне мүмкіндік береді.
«Егемен Қазақстан» газетінің сайты 3 нұсқада қызмет етеді, сондай-ақ PDF үлгісінде: кириллица, араб графикасы, латын нұсқасы негізінде Түркия және Еуропадағы қазақ диаспоралары үшін арналған. Араб графикасы бар сайттың нұсқасы Қытай Халық Республикасындағы қазақ диаспорасына бағытталған. Сондай-ақ Android, iOs, Windows Phone үшін қосымшалар құрылған. «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінің Фейсбук, Твитттер и Мой мир әлеуметтік желілерінде аккаунттары және парақшалары бар.
Интернет желісінде.
Министрлік «Қазконтент» АҚ бірігіп, 2016-2020 жж отандық БАҚ интернет-ресурстарын модернизациялау жоспарын әзірлеуде.
Осылайша, «Қазконтент» АҚ интернет жобасы жаңа үлгіде жұмыс істейді.
Мысалы, қазан айында «e-history.kz» сайты «National Digital History» атты уникалды тарихи контентті және жаңа интерактивті мүмкіндігі бар, кең көлемді порталға трансформацияланды.
Сайттың жаңа дизайны және логотипі әзірленді, жаңалықтарды шығару және беру жақсарды, «Қазақстаника» бөлімі қосылды.
Арнайы жобаларды, сауалнамаларды, тестілерді және өзге интерактивті іс-шараларды өткізу жоспарлануда.
«Bnews.kz» сайты өз жұмысының сарапшылық-аналитикалық маңызын кеңейтті.
«Әдебиет порталы» сайтының редизайны жүргізілді. Оның мобильдік қосымшасын қосу жоспарлануда, оның көмегімен кітаптарды офлайн режимінде оқуға, сондай-ақ адиокітаптарды тыңдауға рұқсат беріледі.
Сайт мәдениетті және мемлекеттік тілді дәріптеу үшін платформа болады.
«Казинформ» ақпараттық агенттігіне қатысты.
Елдің ежелгі ақпараттық агенттігінің модернизациясы оның техникалық инфрақұрылымын жаңартудан басталды: компьютерлік парк, бағдарламамен қамтамасыз ету және блэйд-серверлік құралдар.
Бүгін сайттың аудиториясы тәулігіне 45 мың қолданушыны құрайды. Бұл санды екі есеге көбейту жоспарлануда, ол агенттікке елдің ақпараттық нарықтағы лидерлердің бірі болуға мүмкіндік береді.
Ресурс мобильдік қосымшаны әзірлеуді, сондай-ақ жеке жобаларды енгізуді жоспарлауда.
Мысалы, «Виртуалды турист» жобасы елдің негізгі көрікті жерлері бойынша виртуалды тур өткізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Министрлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік органдар және ұлттық компаниялардың ақпараттық жұмысқа жауапты тұлғалары, баспасөз қызметінің басшылары, республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері үшін оқыту семинарлары ұйымдастырды.
Аталған семинарлар 2016 жылғы қыркүйек және қараша айларында ұйымдастырылды. Семинарлардың қорытындысы бойынша 300-ден астам республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері қатысқан Өңірлік БАҚ форумы өткізілді.
Жалпы, семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар лекторлық құрамға оң баға берді, семинарлар мен мастер класстарды тұрақты түрде өткізу кәсіби басқарушылар мен осы саладағы журналистердің пулын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы