Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті
 
Департаменттің негізгі бағыттарының бірі бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы жетілдіру болып табылады.
Қоғамдық қарым-қатынастардың, құқық қолдану тәжірибесінің және кәсіпқой қоғамдастық тарапынан мәселелердің талқылануының талдауы, бұқаралық ақпарат құралдары, телерадио хабарларын тарату, байланыс және ақпараттандыру мәселелері бойынша заңнаманы жетілдірудің өзекті екенін көрсетті.
Қазіргі таңда, 2016-2021 жылдарға арналған заң шығарушылық жұмысының Тұжырымдамалық жоспары және ҚР Үкіметінің 2017 жылға арналған Заң жобалары жоспары аясында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Заң жобасын қабылдаудың мақсаты, әрекеттегі нормаларды нақтылау және  новеллаларды енгізу жолымен бұқаралық коммуникациялар технологияларының дамуының артынан ауысып келе жатқан  БАҚ, телерадио хабарларын тарату, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы қоғамдық қарым-қатынастарды құқықтық регламенттеу болып табылады.
Одан басқа, «Жарнама туралы» Заңын қосқанда, басқа нормативтік құқықтық актілердегі бұқаралық ақпарат құралдары саласына қатысы бар нормаларды жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
 
Тағы да бір бағыт – ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру.
«Ақпаратқа қол жеткізу» Заңы 2015 жылы 16 қарашада қабылданып 2016 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді. Заң Қазақстан Республикасы аумағында әрекет етеді және қол жеткізу шектелген ақпаратқа қатысы жоқ ақпаратқа қол жеткізуге байланысты қоғамдық қарым-қатынастарға таралады.
Заңды нормативті сүйемелдеу аясында ҚР Үкіметінің 4 қаулысы және министрліктің 4 бұйрығы бекітілген.
 
Заңмен келесі ақпаратты иеленушілер бекітілген:
  • мемлекеттік биліктің, жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының органдары мен мекемелері;
  • мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер;
  • квазимемлекеттік сектор субъектілері;
  • мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалануға қатысты ақпарат бөлігінде – бюджет қаражатын алушылар болып табылатын заңды тұлғалар;
  • өздері өндіретін (өткізетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына қатысты ақпарат бөлігінде - мемлекеттік монополия субъектілері;
  • экологиялық ақпаратқа, төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар, олардың болжамдары мен салдарлары, өрт қауіпсіздігінің жай-күйі, санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдай, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және азаматтардың денсаулығына, елді мекендердің және өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге теріс әсер ететін басқа да факторлар туралы ақпарат бөлігінде – заңды тұлғалар ақпарат иеленушілер болып танылады.
Министрлікпен ақпаратты иеленушілер тарапынан интернет-ресурстарда, үй-жайларда, ақпараттың орналастырылуын бақылау, сондай-ақ мемлекеттік органдардың алқалы органдарының отырыстарына қол жетімділікті қамтамасыз ету бөлігінде осы Заңды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Одан басқа, «Ашық НҚА», «Ашық бюджеттер», «Ашық диалог» және «Ашық деректер» секілді 4 порталдан тұратын Ашық үкіметтің жұмыс істеуін техникалық қамтамасыз етілуі жүргізілуде.
Сондай-ақ Заңға сәйкес өкілетті орган жанында ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша Комиссия құрылуда.
 

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы