You are here

Компания туралы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт Жоспары»  бағдарламасына енгізілген қадамдардың бірі мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері – «Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясын құру болды.

 Құрылым 2016 жылғы сәуірде құрылған және «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы», «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы», «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» секілді РМК-ны қамтыды.

Елбасының тапсырмасы Мемлекеттік корпорацияның қалыптасқан Миссиясында көрініс тапты:

«Біздің миссиямыз – мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері арқылы жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру».

««Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ISO 9001 сериялы сапа менеджменті стандарты мен жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарына сәйкес қызметтер мен сервистерді алудың бірыңғай платформасы ретінде қалыптасуы».

Бүгінгі таңда Мемлекеттік корпорация арқылы 70%-дан астам мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы - бұл Қазақстан бойынша 353 фронт-офис.

Толығырақ ақпаратты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы сайтынан алуға болады.  

Байланыс ақпараты

  • Қабылдау бөлімі: телефон: +7(7172) 27 06 53
  • Кеңсе: тел./факс: +7 (7172) 27 06 56 (ішкі 132)
  • Баспасөз қызметі: +7 (7172) 27 06 58 (ішкі 109)

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы