You are here

Басшылық

БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры

Нәшірәлі Елдос Бигелдіұлы 1984 жылдың 29 қаңтарында дүниеге келген.

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетін (2005), 2009 жылы Жаңа Зеландияның Мэсси университетін («Болашақ» бағдарламасының түлегі, мемлекеттік саясат магистрі) тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы бастаған.

2010-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бас сарапшысы.

2012 жылы − Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сарапшысы.

2012-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Президенттің Баспасөз қызметінің сарапшысы, консультанты, инспекторы.

2016 жылдың шілдесінде Ақпарат және коммуникациялар министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры болып тағайындалды.

 

БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары

Рахимов Бекзат Рахимұлы 1978 жылдың 31 тамызында дүниеге келген.

2000 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін, 2007 жылы Мәскеу мемлекеттік экономика университетін (статистика және информатика), 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Еңбек қызметі:

2000-2003 жылдары – Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі.

2003 жылы «Шығыс жобасы» ҚҚ жастар бағдарламаларының атқарушы директоры.

2003-2008 жылдары − Астана қаласының әкімдігінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2008-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорының орынбасары.

2010-2011 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы, баспасөз хатшысы.

2014 жылы − Байланыс және ақпарат агенттігі Ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізу жөніндегі департаменті директорының орынбасары.

2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті БАҚ-ты бақылау басқармасының басшысы.

2016 жылдың 4 шілдесінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.

 

 

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы