Ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры

Кәрібжанова Роза Самидоллақызы 1964 жылдың 5 қарашасында дүниеге келген.

Қарағанды мемлекеттік университетін, Еуразия гуманитарлық институтын (құқықтану бакалавры), Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік саясат ұлттық мектебін тәмамдаған.

 Еңбек жолын орта мектепте тарих пәні мұғалімі болып бастаған. Торғай облыстық комсомол комитетінің хатшысы, Қима аудандық партия комитетінің екінші хатшысы болып жұмыс істеген.

1991 жылдан бастап 2000 жылға дейін Семей облысының жастар мәселелері, білім беру, туризм және спорт жөніндегі мемлекеттік құрылымдарда әртүрлі лауазымдардағы қызметті атқарған.

Премьер-Министр Кеңсесінің әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің консультанты және әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы.

Орталық мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі комитетінің төрайымы және Жастар саясаты департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

Тұрмыста. 2 баланы тәрбиелеуде.

2016 жылдың 25 шілдесінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры лауазымына тағайындалған.

 

Ішкі әкімшілендіру департаменті директорының орынбасары

Ақшалов Сұлтан Нартбекұлы 1980 жылдың 8 тамызында дүниеге келген.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2001), Шеффилд Университетін (Ұлыбритания, 2015) тәмамдаған.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

2003-2004 жылдары − Солтүстік Қазақстан облысы соттар Әкімшілігі Шал ақын аудандық бөлімшесінің сот орындаушысы.

2004-2005 жылдары − Солтүстік Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің жетекші маманы, бас маманы.

2005-2010 жылдары − Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас маманы. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы, көмекшісі.

2010 жылдың қаңтар айы мен  2011 жылдың қыркүйек айы аралығында Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы орынбасары.

2011 жылдың қыркүйек айынан бастап  2015 жылдың қазан айына дейінгі аралықта  Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы