Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры

Бақанов Жанболат Галитдинұлы 1980 жылдың 13 қарашасында дүниеге келген.

Қорқыт Ата атындағы Мемлекеттік университетін (2002), Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын (2006), Токио Университетін (2015) бітірген.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

2002-2006 жылдары − Қызылорда облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің жетекші, бас маманы.

2007-2009 жылдары − Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі басқармасының бастығы.

2010-2012 жылдары − Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

2012 - 2015 жылдары − Токио Университетінің аспиранты.

2015-2016 жылдары − Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменті директорының орынбасары.

2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры.

 

Стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары

Садвакасов Архат Бахтбекұлы 1982 жылдың 2 маусымында дүниеге келген.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін (2003), Шығыс гуманитарлық институтын (2006) тәмамдаған.

2003-2009 жылдары − Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау жүйесінде сондай-ақ дене шынықтыру және спорт басқармаларында қызмет атқарған.

2009-2012 жылдары − Ақпарат және мұрағат комитетінің бас сарапшысы.

2012-2013 жылдары − «Қазтелерадио» АҚ Тарифтер мен бөлек есепке алу департаменті директорының орынбасары.

2013-2014 жылдары − «Евразия+ОРТ» ЖШС қаржы директоры.

2014 жылы − Байланыс және ақпараттандыру агенттігінің Ақпарат департаменті директорының орынбасары.

2014-2016 жылдары − Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында сараптамалық жұмыстар басқармасының бойынша бас сарапшысы және басшысы қызметтерін атқарған.

2016 жылдың 22 маусымында Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

 

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы