Персоналды басқару департаментінің директоры

Рахымбаев Асхат Әділханұлы 1975 жылдың 8 наурызында дүниеге келген

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тарих бакалавры, құқықтану мамандықтары бойынша бітірген.

2002-2006 жылдары − «Әділет» республикалық ғылыми-білім орталығы» ЖШС Шығыс Қазақстандық бөлімшесінің директоры.

Мемлекеттік қызметке 2007 жылдан бастап келді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасының бойынша бас сарапшысы.

2009 - 2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік жұмыспен қамту министрлігі Халықты жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны департаментінің жұмыспен қамту басқармасының бас сарапшысы.

2010-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сарапшысы.

2011-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің бас сарапшысы, басқарма бастығы және директордың орынбасары қызметтерін атқарған.

2012-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің консультанты, инспекторы.

2016 жылдың 8 тамызында Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Персоналды басқару департаментінің директоры болып тағайындалды.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы