Комитет төрағасы

Қожықов Әділ Ғалымжанұлы 1978 жылғы 2 қарашада дүниеге келді.

2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша тамамдаған.

2000-2001 жылдары Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінде ғылыми қызметкер.

2001-2003 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саясат және талдау орталығында сарапшы.

2003-2005 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында жетекші ғылыми қызметкер.

2005-2011 жылдар аралығында ҚР Президентінің Әкімшілігінде қызмет атқарған:

 

  • ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының аға сарапшысы;
  • Ақпараттық-талдау орталығында сектор меңгерушісі;
  • ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары;
  • Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары.

2011-2012 жылдары – ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» РМК директорының орынбасары.

2013-2014 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі.

2014-2016 жылдары – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Талдау және ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК директоры.

2016 жылғы қазан-желтоқсан аралығында – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі.

2016 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Төраға орынбасары

Ярошенко Виталий Владимирович 1977 жылдың  28 тамызында дүниеге келген.

С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін инженер-механик мамандығы бойынша (1999), Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер мамандығы бойынша (2002), Көкшетау экономика және менеджмент институтын ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша (2006) тәмамдаған.

2003 жылдан бастап байланыс саласына жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2015 жылдың 5 қарашасынан 2016 жылдың 3 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.

2016 жылдың 4 шілдесінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс департаментінің директоры болып тағайындалды.

2017 жылдың  6 қантардан Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары.

Комитет төрағасының орынбасары

Комиссаров Михаил Александрович 1977 жылдың 3 ақпанда дүниеге келген.

1999 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын Құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

2003 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық Университетті «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1999-2014 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарының ақпараттық талдау бөлімшелерінде түрлі лауазымда қызмет етті.

2014 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс агенттігінің Ақпараттық кеңістікті мониторингтеу Департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.

2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат Комитеті Мониторинг басқармасының басшысы.

2015-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Талдау және ақпарат орталығы» РМК директорының орынбасары.

2017 жылдың  10 қантардан Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы