You are here

Басшылық

Комитет төрағасы

Мауберлинова Нұргүл Өсербайқызы 1973 жылдың 13 қарашасында дүниеге келген.

Саран педагогикалық училищесін (1992), Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (2000), Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін (2006) тәмамдаған.

2006-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің бас сарапшысы.

2008-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Ақпараттық-талдау орталығының бас консультанты.

2012-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2016 жылдың 18 шілдесінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының қызметіне тағайындалды.

 

Комитет төрағасының орынбасары

Сүйіндік Ләззат Кеңесқызы 1985 жылдың 26 шілдесінде дүниеге келген.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Ұлыбританияның Шейффилд университетін («Болашақ» бағдарламасының түлегі, өнер магистрі) тәмамдаған.

Орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

2005 жылы – Қазақстан Республикасы Жастар Конгресі қоғаммен байланыс бөлімінің менеджері.

2005-2006 жылдары ─ «Парасат» ақпараттық-талдау орталығы біріккен қоғамының бас маманы.

2006-2008 жылдары – Астана қаласы әкімдігі Ішкі саясат департаменті Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің сарапшысы.

2008-2014 жылдары – Мәдениет және ақпарат министрлігінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2014-2016 жылдың шілдесіне дейінгі аралықта Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті Электрондық БАҚ басқармасының басшысы қызметінде жұмыс істеген.

2016 жылдың 4 шілдесінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

 

Комитет төрағасының орынбасары

Әлішев Руслан Қанатханұлы 1978 жылдың 29 шілдесінде дүниеге келген.

Петропавл экономика және құқық колледжін (1997), М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2001),

А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін (2006) тәмамдаған.

2004-2009 жылдары ─ Солтүстік Қазақстан облысы «Петропавл қаласының Ішкі саясат бөлімі» ММ әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2010-2013 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының бас инспекторы, орынбасары және бастығы.

2013 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары (әлеуметтік мәселелер бойынша).

2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті Электрондық БАҚ басқармасының басшысы.

2014-2016 жылдары ─ «Нұр Отан» орталық аппараты Саяси жұмыстар департаментінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2016 жылдың 4 шілдесінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды.

2016 жылғы 1 қырқүйектен бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарады.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы