Ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары

Рамазан Аян Серикұлы 1989 жылдың 24 шілдесінде дүниеге келген.

2011 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетті гуманитарлық білімдер мамандығын тәмамданды.

2013 жылы Орталық – Қазақстан Академиясын заңтану мамандығын тәмамданды.

2012 – 2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті екі жақты ынтымақтастық және хаттама басқармасы сарапшысының м.а., сарапшы.

2014 – 2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жаңа технологиялар департаменті инновациялық саясат басқармасының бас сарапшысы.

2015 – 2017 жылдары – Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі Технологиялық және инновациялық  даму департаменті  инновациялық белсенділікті ынталандыру басқармасының басшысы.

2017 – 2018 жылдары – Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрінің кеңсесінің бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты.  

2018 жылдың 4 қазанында Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

 

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы