Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаментінің директоры Хатиев Әнуар Нұрманұлы 1982 жылдың 21 сәуірінде дүниеге келген.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша (2004), Д.А. Қонаев атындағы университетті құқықтану мамандығы бойынша (2006) тәмамдаған.

2005-2007 жылдары – Ақмола облысының прокуратура органдары.

2007-2014 жылдары – әртүрлі лауазымдарда, оның ішінде Қазақстан Республикасы Монополияға қарсы органдарында жұмыс істеді.

2015 жылы − «Бәсекелестік саясатты қорғау және дамыту орталығы» АҚ құқықтық-сараптама департаментінің директоры.

2015-2016 жылдары − Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша департамент басшысының орынбасары.

2016 жылдың 2 тамызында Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаментінің директоры болып тағайындалды.

2011 жылы − «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті директорының орынбасары

Бекманов Дәулет Нысанқұлұлы 1983 жылдың 20 қарашасында дүниеге келген.

2005 жылдан бастап ақпараттық технологиялар саласында жеке және мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеген.

2014 жылы − Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі Электрондық қызмет және халыққа қызмет көрсету орталығын дамыту департаменті директорының орынбасары.

2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті Электрондық қызметтерді бақылау басқармасының басшысы.

2016 жылдың 22 маусымында Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы