You are here

Басшылық

Ақпараттандыру департаментінің директоры

Бекманов Дәулет Нысанқұлұлы 1983 жылдың 20 қарашасында дүниеге келген.

2005 жылдан бастап ақпараттық технологиялар саласында жеке және мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеген.

2014 жылы − Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі Электрондық қызмет және халыққа қызмет көрсету орталығын дамыту департаменті директорының орынбасары.

2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті Электрондық қызметтерді бақылау басқармасының басшысы.

 2016-2017 – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті директорының орынбасары.

2017 жылғы 28 маусымынан бастап Қазақстан Рекспубликасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпараттандыру департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.

 

 

 

Ақпараттандыру департаменті директорының міндетін атқарушы

Уаисов Әсет Ұланұлы 1986 жылы 23 ақпанда дүниеге келді.

2007 жылы  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдады (ақпараттық жүйелер бакалавры).

2007 - «IT Research center» ЖШС Еңдіру және сүйемелдеу басқармасының маманы, MDS Company» ЖШС жоба менеджері, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жетекші маманы.

2008-2012 – «Ұлттық ақпараттық технолигиялар» АҚ менеджері.

2012-2014 – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру басқармасының бас сарапшысы.

2014-2017 – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Электрондық қызметтерді және ХҚО дамыту жөніндегі департаменті, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту Департаменті Қызметтерді автоматтандыру басқармасының басшысы.

2017 жылдың 18 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды. 

 

 

Шалабаев Қайсар Оңласынұлы 1987 жылы 27 қарашада дүниеге келді.

2007 жылы Қазтұтынуодағының сауда - экономикалық колледжін техник-бағдарламашы мамандығын, 2010 жылы «Тұран-Астана» университетінде ақпараттық жүйелер бакалаврын тәмамдады.

2006 - 2012 – инженер-программист («Астанарайжоба»  ЖШС, «Сапаржай Астана» ЖШС).

2012 - 2013 – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің сарапшысы.

2013 - 2016 – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі; ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі; Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің бас сарапшысы.

2016 – 2017 – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпараттандыру департаментінің «Электронды үкіметтің» ішкі контур жобалары басқармасының басшысы.

2017 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды. 

 

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы